02:36 28 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD429.75
  • EUR507.45
  • RUB5.61
Экономика
Қысқа сілтеме алу
1418011

Еңбек министрі облыс әкімдіктерінен әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға ерекше назар аударуды сұрады

НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан – Sputnik. "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан азаматтарға жылдық мөлшерлемесі 4%-тен аспайтын микрокредит беріледі. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министр "Еңбек" бағдарламасының бірқатар тетігі жетілдірілгенін атап өтті.

"Көпбалалы және табысы аз отбасынан шыққан азаматтарға жеті жылға дейінгі мерзімге жылдық мөлшерлемесі 4%-тен аспайтын жеңілдетілген микрокредит беріледі", - деді Нұрымбетов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.

Сонымен қатар, енді қысқа мерзімді оқыту төртжақты келісімшарт жасау арқылы тек жұмыс берушілер өтінімі бойынша жүргізіледі. Бұдан бөлек, жастарды тұрақты жұмысқа орналастыру үшін "Алғашқы жұмыс орны" және "Ұрпақтар келісімшарты" жаңа тетіктері енгізіліп отыр.

"Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың, оның ішінде табысы аз және көпбалалы отбасылар арасында дамытудың маңызы зор. 2019 жылы бес өңірде 204 отбасын қамтыған "Менің кәсібім" жобасы басталды. Биыл "Жасыл экономика" коалициясымен бірлесіп, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қолдау көрсету жобасын іске асыруды жоспарлап отырмыз», - деді ол.

Тағы оқыңыз: Ең төменгі күнкөріс шегі деген не және оны неге арттыру керек

Министр облыс әкімдіктерінен әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға ерекше назар аударуды сұрады. Нұрымбетовтың айтуынша, "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының еңбек нарығына қосып отырған үлесі зор.

"Егер де бағдарлама болмаса, жұмыссыздық деңгейі қазір 4,8%-ті емес, 7,9%-ті құрайтын еді", - деді ведомство басшысы.

Тақырып бойынша

Кредитін уақытында төлемейтіндер үшін жаңа талап күшіне енді
Үкімет халықтың табысын арттыруға кірісті
1 ақпаннан бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді
Депутат Божко қаймақтың бағасына таңғалды
Досаев Тоқаевтың тапсырмасы қалай орындалып жатқанын айтты
Кілт сөздер:
бизнес, шағын несие беруді көбейту, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып