23:05 21 Қазан 2021
Тікелей эфир
  • USD425.95
  • EUR495.12
  • RUB6.00
Экономика
Қысқа сілтеме алу
1980 0 0

Премьер-министр Асқар Мамин құжатқа қол қойды, енді ішкі істер министрлігі автокөліктерді тіркеу бойынша шаралар қабылдауы керек

НҰР-СҰЛТАН, 3 ақпан — Sputnik. Қазақстанда Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде тіркелген көліктерді әкелу және пайдалану ережелері бекітілді.

"Қазақстан Республикасының азаматтары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген көлік құралдары үшін төлем 2021 жылдың 1 наурызына дейін төленеді", - делінген үкімет қаулысында.

Ішкі істер министрлігіне 2020 жылдың 1 наурызына дейін көлікті тіркеу бойынша шаралар қабылдау және тіркеу куәлігінің жарамдылық мерзімін 2021 жылдың 1 наурызына дейін белгілеу тапсырылды.

ЕАЭО-дан алынған көлікті қалай тіркеуге болады?

ЕАЭО автокөлігіне берілген алғашқы уақытша мемлекеттік нөмір Алматы қаласында тіркелді.

Жүргізушіге сары түсті жаңа үлгідегі тіркеу нөмірі берілді. Ресейден әкелінген көлікті тіркеуге халыққа қызмет көрсету орталығында бір сағаттан аз уақыт кетті.

Автокөлікті уақытша тіркеу

Қазақстандықтар шетелдік нөмірі бар автокөліктерді 2021 жылдың 1 наурызына дейін тіркеуі керек. Бұл тізімге 2020 жылдың 1 ақпанына дейін ЕАЭО елдерінен әкелінген көліктер жатады.

  • Көлікті тіркеу үшін төмендегі құжаттар қажет:
  • жеке куәлік;
  • бұрынғы мемлекеттік немесе транзиттік нөмірлер;
  • көлік құралын тіркеу туралы куәлік;
  • меншікті растайтын құжат;
  • алғашқы тіркеу үшін төленген төлемнің түбіртегі, мемлекеттік нөмір мен техникалық төлқұжатты жасау үшін салық төлегені туралы түбіртек.

Неге 18-ші өңір?

Ішкі істер министрлігі мұндай көліктерді қосымша бақылау үшін өзгеше етуді ұйғарды. Сондықтан мемлекеттік нөмір сары түсті және "18" нөмірімен белгіленеді.

Сондай-ақ, ЕАЭО елдерінен әкелінген көлікті уақытша тіркеуден өткізгеннен кейін бір жыл ішінде барлық тиісті салықты төлеп, кедендік рәсімдеуден өткізу қажет.

Тоқаевтың тапсырмасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында қазақстандықтар шетелдік нөмірі бар автокөліктерді 2021 жылдың 1 наурызына дейін тіркеу қажет деді.

Мұндай машиналар техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келуі керек. Сонымен қатар азаматтар тіркеу және мемлекеттік баж салығын төлеуі керек, - деді президент.

Тақырып бойынша

Көлікті тіркеу мәселесі: Армения мен Қырғызстанға қайта бару керек пе?
Елімізде көлік тіркеу және жүргізуші куәлігін беру уақытша тоқтатылды
Ішкі істер министрлігі Армениядан көлік сатып алғандардың қулығын әшкереледі
Бозымбаев шағын литражды көліктер салықтан босатылуы мүмкін екенін айтты
Өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айыру: жаңа норма түсіндірілді
Кілт сөздер:
көліктер, тіркеу
Загрузка...

Басты тақырып