НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады, деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш президентіне Ұлттық әл-ауқат қорының 2019 жылға арналған даму қорытындылары туралы ақпарат ұсынылды.
Оқи отырыңыз: Қазақстан Қытайдан алған сыртқы қарызын өтеді
Есімов қор компаниялары тобының таза кірісі 1,2 триллион теңгені құрап, бұл жоспарланған көрсеткіштен 38 пайызға артық екенін хабарлады. Қарыз жүктемесі 2017 жылдан бері 1 триллион теңгеге, ал сыртқы қарыз 5,1 миллиард АҚШ долларына азайған.
Сондай-ақ, қор компанияларының қаржылық жағдайын одан әрі жақсарту, портфельді компаниялардың IPO-ға шығуы және жекешелендіру жоспарын іске асыру жөніндегі шараларға ерекше назар аударылды.
Кездесу соңында Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.