22:27 02 Желтоқсан 2020
Тікелей эфир
  • USD425.05
  • EUR509.29
  • RUB5.58
Экономика
Қысқа сілтеме алу
316 0 0

Өткен жылдың соңында президент тұрғын үй шаруашылық мәселелерін түзету туралы заңға қол қойған еді

НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар – Sputnik, Арман Асқар. Жаңа жылдан бастап Қазақстанда тұрғын үйді басқарудың жаңа формасы күшіне енді. Енді көппәтерлі үйдің тұрғындары мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ) арқылы барлық ақшаны бақылап, күрделі жөндеуге қаржы жинай алады. Sputnik Қазақстан тілшісі жаңа заңның негізгі нормаларына шолу жасайды.

Заңның негізгі нормалары қандай

Өткен жылдың соңында президент тұрғын үй шаруашылық мәселелерін түзету туралы заңнамаға қол қойды. Оған сәйкес, тұрғын үйді басқарудың жаңа формасы - "бір үй – бір мүлік иелерінің бірлестігі" механизмі енгізіліп отыр. Бұдан бөлек, арнайы есепшотқа ақша жинап, екінші деңгейлі банктен күрделі жөндеуге екі процентпен кредит те алуға болады.

Тағы оқыңыз: Елбасы Астана тұрғындарына пәтер кезегінде қанша уақыт тұрғанын айтып берді

Жаңа заң нормалары 7 қаңтарда күшіне енді. Осы уақыттан бастап бір жыл ішінде қазақстандықтар кондоминимум нысанын басқарудың жаңа формасын таңдауы тиіс. Қазіргі пәтер иеленушілер кооперативі (ПИК) қатар істей береді.

Алайда 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін басқарушы немесе қызмет көрсетуші компаниялар болып қайта құрылуы шарт. Ал мүлік иелерінің бірлестігі ондай компаниялармен келісімшартқа отырып, жасаған жұмыстар үшін ақша төлейтін болады.

Бірлестік қалай тіркеледі

Заң бойынша тұрғын үйді басқарудың екі формасы бар. Олар – МИБ және жай серіктестік. Тұрғындар алдымен жиналыс өткізіп, басқару формасын таңдайды. Одан кейін оны әділет органдарында тіркеу керек. Мәселен, МИБ-ті тіркеу үшін келесі құжаттар керек:

  • Өтініш (формасы бар);
  • Жиналыс хаттамасы;
  • Мүлік иелері бірлестігінің жарлығы (тұрғындар типтік жарлықты таңдаса, МИБ-ті тіркеу кезінде осы құжатты тапсырудың қажеті жоқ);
  • Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке алымның төленгені туралы түбіртек (ақысы 1 АЕК – 2 651 теңге).

Жиналыста тұрғындар арасынан үйдің кеңесі, ревизиялық комиссия және МИБ төрағасы сайланады. Кеңес пен ревизиялық комиссия мерзімі үш жыл болса, төраға бір жыл қызмет етеді. Жиналыста тұрғындар төрағаның жалақысын да бекітеді.

Кеңес пен төраға неге жауап береді

Үйдің кеңесі ортақ мүлікті басқару мен күту бойынша пәтер иеленушілер мүддесін қорғайды. Ол үшін жиналыс өз өкілеттіліктерін кеңеске беруі керек.

Негізгі жұмысы:

  • Басқару формасын таңдайды және өзгертеді;
  • Қызмет көрсетуші компанияны таңдайды;
  • Кондоминимум нысанын басқару жұмысын үйлестіріп отырады;
  • Ағымдағы және жинақ есепшотындағы ақшаның жұмсалуын бақылайды;
  • Жиналыс өткізіп, өз өкілеттіліктеріне жататын мәселелер бойынша жазбаша дауыс жинайды;
  • Жиналыс хаттамаларын рәсімдеп, дауыс беру парақтарын реттейді;
  • Бір жылдық кірістер мен шығыстардың сметасын және атқарылған жұмыстардың есебін қарап, жиналыстың бекітуіне шығарады;
  • Тұрғын үйді басқару бойынша айлық және жылдық есеп беруді ұйымдастырады.

Төраға міндеттері:

  • Әділет органдарында құжаттарды тіркейді;
  • Тұрғындардың тізімін жасайды;
  • Мердігерлермен келісімшарттар рәсімдейді;
  • Жиналыста қабылданған шешімдер туралы ақпарат таратады;
  • Тұрғындардың қабылдаған шешімдерін орындайды;
  • Екінші деңгейлі банктерде ағымдағы және жинақ есепшоттарын ашады;
  • Тұрғын үйді басқару және күту бойынша басқа да жұмыстарды атқарады.

Төраға мемлекеттік органдар мен соттарда сенімхатсыз бірлестік атынан жұмыс істей алады. Ал жай серіктестік формасы болса, тұрғындар бірлесіп шешім қабылдау мен өз міндеттерін орындауға жауапты болады.

Бірлескен жұмысты үйлестіретін сенімді адамды да сайлап алуға болады. Ол да МИБ төрағасы сияқты жұмыс істейді. Бірақ оған сенімхат жазып беру керек.

Тақырып бойынша

Қарағандыда көпқабатты үйге жылан өрмелеп шыққан
Елордалық таңдаулы тұрғын үй өрттен кейін қандай күйге түсті  – фотодерек
Жаңа үйлердің бәрі қирап жатыр – Нұр-Сұлтан әкімі
Павлодарда сантехник ыстық суға күйіп өлді
Нұр-Сұлтанның сол жағалауындағы ауданда егеуқұйрық қаптап кетті – видео
Кілт сөздер:
ақша, тұрғын үй, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып