14:12 30 Қараша 2020
Тікелей эфир
  • USD423.87
  • EUR505.25
  • RUB5.59
Экономика
Қысқа сілтеме алу
3473 0 0

Былтыр халықтың нақты табысы 5,5 процентке өскен, инфляция 5,4 процент деңгейінде болған, ал жұмысссыздық деңгейі – 4,8 процент

НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Үкімет басшысы Асқар Мамин президентке 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындыларын баяндады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жалпы ел экономикасы тұрақты даму жолында. 2019 жылы ЖІӨ өсімі 4,5 процентті құрады. Оның 85%-і шикізаттық емес салалар есебінен қамтамасыз етілді. Экономика өсімінің қозғаушы күштері, негізінен құрылыс, сауда, байланыс, көлік салалары болды", - деді премьер-министр Тоқаевтың қатысуымен өтіп жатқан үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Айтуынша, инфляция жоспарлы 4-6 процент шегінде, яғни 5,4 процент деңгейінде болған.

"Халықтың нақты табысы 5,5%-ке өсті. 2019 жылы 2,7 миллион азаматтың жалақысы артты. Оған ең төменгі жалақыны ұлғайту шаралары негіз болды. Бұл бизнес тарапынан үлкен қолдау тапты", - деді ол.

Маминнің айтуынща, еңбек нарығы да тұрақты. Жұмысссыздық деңгейі 4,8 процентті құраған. Былтыр 423 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды, оның 280 мыңға жуығы – тұрақты жұмыс орындары.

Назарбаев: халықтың әл-ауқаты біршама емес, өте көп деңгейге көтерілді

"Трансферттерді қоспағанда, мемлекеттік бюджет кірістері 9 триллион 688 миллиард теңге немесе жоспар 101,2%-ке орындалды. Бұл 2018 жылғы кірістерден 1,5 триллион теңгеге көп. Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 14 триллион 180 миллиард теңге немесе жоспар 99,7%-ке орындалды", - деді Мамин.

Сыртқы сауда айналымы 97 миллиард долларға дейін өсті, оның ішінде экспорт 60 миллиард доллар, импорт 37 миллиард доллар. Бұл ретте, сыртқы сауда балансының оң сальдосы 23 миллиард доллар болып отыр.

 

Тақырып бойынша

Тоқаев: Жалақыны, зейнетақы мен жәрдемақыны көбейтетін болдық – видео
Қазақстанда жалпы ішкі өнім 4,3%-ке дейін өсті
Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы – толық мәтін
Тоқаевтың баспасөз хатшысы Қытайдың Қазақстандағы басты мақсатын атады
Президент пен үкімет жылды қорытындылайды – маңызды мәлімдемелерді жіберіп алмаңыз  
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, Асқар Мамин, жалақы
Загрузка...

Басты тақырып