03:57 01 Қараша 2020
Тікелей эфир
  • USD432.64
  • EUR505.02
  • RUB5.47
Экономика
Қысқа сілтеме алу
152 0 0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі вице-министр лауазымы жария етілген еңбекақыға сәйкес келеді деп есептейді  

НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент директоры Данияр Сабырбаев ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаеваның сыйақысы туралы хабарламаға түсініктеме берді.

"Қалыпты жағдай"

"Біз жалақымызды мақтан тұтамыз, ол біздің жетістігіміз деп санаймыз. Бір жағынан, ауыл шаруашылығы министрлігі осындай жалақы төлей алатындай жағдайда екеніне қуаныштымыз. Вице-министрдің жауапкершілік деңгейі, мұндай лауазымның ұйым үшін маңыздылығы туралы айтар болсақ, бұл қалыпты жағдай", - деді Сабырбаев журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Ол сонымен қатар мемлекеттік қызметшілерге, құқық қорғау бөлімдері мен әскерилерге маңыздылығына қарай ақы төленгенін қалайтынын жасырмады.

Ауыл шаруашылығы министрлігіндегі миллиондаған сыйақы

Бұған дейін YouTube-те ауыл шаруашылығы министрлігінің ішкі құжаттары жарияланды, олардың арасында министр Сапархан Омаровтың вице-министр Гүлмира Исаеваға 22 күн – 27 желтоқсаннан 19 қаңтарға дейін еңбек демалысын беру, жалақы мен сыйақы төлеу туралы бұйрығы болды.

Құжаттарға сәйкес, Исаева 512 мың теңге демалыс төлемақысын, 772 мың теңге жалақы, сондай-ақ 2,5 миллион теңге көлемінде үш сыйақы алған.

Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл ақпаратқа әлі түсініктеме берген жоқ.  

Тақырып бойынша

Жалақы, жәрдемақы және кредит: Қазақстанда 2020 жылдан бастап не өзгереді
Екі жарым миллион теңге алатын мұғалімдердің есімдері белгілі болды
1000 теңгені тегін алуға болады: ол үшін не істеу керек?  
"Айлығым – мың доллар": астаналық ұстаз қалай жоғары жалақы алып отырғанын айтты
Білім министрі таяуда жақсы жаңалық болатынын мәлімдеді
Педагог мәртебесі: мұғалімдерге қосымша ақы қалай төленеді?
Кілт сөздер:
вице-министр, жалақы, сыйақы
Загрузка...

Басты тақырып