17:23 01 Желтоқсан 2020
Тікелей эфир
  • USD425.05
  • EUR509.29
  • RUB5.58
Экономика
Қысқа сілтеме алу
404 0 0

Тоқаевтың айтуынша, қазір үкімет "Бақытты отбасы" бағдарламасының тәжірибесін баспана кезегінде тұрған барша азаматқа тарату мәселесін пысықтап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 12 желтоқсан – Sputnik. Таяу арада қазақстандықтарды баспанамен қамту бойынша қосымша шаралар қабылданады. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Баспана мәселесін түбегейлі өзгерту қажет. Бұл мәселе біздің үнемі назарымызда. Баспанамен қамту мемлекеттің әлеуметтік саясатының басымдығы. Сондықтан таяу арада қосымша шаралар қабылданады", - деді президент Ақордада мемлекеттік наградалармен марапаттау салтанатында.

Тоқаевтың айтуынша, қазір үкімет "Бақытты отбасы" бағдарламасының тәжірибесін баспана кезегінде тұрған барша азаматқа тарату мәселесін пысықтап жатыр.

"Мен үкіметке 2020 жылы аталған бағдарламаны кеңейту туралы тапсырма бердім. Басқаша айтқанда, халықты баспанамен қамту проблемасына ең бірінші кезекте көңіл бөлінеді. Бұл жұмыстың нәтижесі көп күттірмейді деген ойдамын", - деді ол.

Тағы оқыңыз: Биыл есте қалған ТОП-9 оқиға: Қазақстан президенттері "9" санын неге таңдайды

Президенттің айтуынша, қазір Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде 1,5 миллион шот ашылған. Әкімдіктерде баспана кезегінде тұрған 526 мың адамның 200-ге жуығы депозит ашып, ақша жинай бастаған. Ал ата-аналар 180 мың балалар депозитін ашқан.

Осы жылы тұрмысы төмен 4 мың отбасы "Бақытты отбасы" бағдарламасының арқасында қоныс тойын тойлады.

Тақырып бойынша

"Сонда біз кімбіз?": Шымкент әкімдігінде күтпеген жағдай болды
Министр Қазақстанның солтүстігінде қалыптасқан жағдайға алаңдаушылық білдірді
Көпбалалы отбасылардың назарына: баспанаға құжат қабылдау басталды
Аязға төзімді күмбез: Жас отбасы ерекше үйде жарты жыл өмір сүрмек – видео
Бюджеттен тағы 5 млрд теңге бөлінеді: Тоқаев ақшаның қайда жұмсалатынын айтты
Кілт сөздер:
баспана, үкімет, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып