Экономика

"Дағдарыс болуы мүмкін": Назарбаев неге алаңдап жүргенін айтты

© Photo : АкордаҚазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елбасы әлемдік державалар арасындағы бәсекелестік жаңа деңгейге шыққанын, ал АҚШ пен Қытайдың сауда соғысы қалыпты жағдайға айналғанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 12 қараша – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Astana club" саяси форумының пленарлық мәжілісін ашты. Биыл осы пікірталас алаңының құрылғанына бес жыл толып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тағы оқыңыз: Назарбаевтың теннисшілермен кездесуі кезінде күтпеген оқиға болды – видео 

Назарбаев өз сөзінде әлемдік экономикадағы жағдайға қатты алаңдайтынын жеткізді.  

"Бізді әлемдік экономикадағы жағдай алаңдатып отыр. Одан төніп тұрған дағдарыстың белгілері барынша байқалып жатыр. Сауда саласындағы қайшылықтар мен геосаяси тұрақсыздық күшейіп жатқанда жаһандық институттар да тиісті болжамдарын жасап отыр. Жаһандық өсімнің баяулап кетуі әлемдік сауда-саттықтың дамуына кері әсерін тигізуде. Жаһандық мемлекеттік қарыздың деңгейі 2007 жылғы дағдарыстың алдындағы көрсеткіштен екі есеге асып, әлемдік ішкі жалпы өнімнің 80 процентіне жетті", - деді Назарбаев.

Елбасының айтуынша, осы факторлардың барлығы әлемдік тұрақтылыққа кері әсерін тигізіп отыр. Еуразия мемлекеттері де ол үдерістерден тыс қалмайды.

"Әлемдік державалар арасындағы бәсекелестік те жаңа деңгейге шықты. АҚШ пен Қытайдың өзара санкциялары, сауда соғыстары қалыпты жағдайға айналды. Батыс пен Ресей арасындағы жағдай да солай. Бұның барлығы стратегиялық ынтымақтастықты қалпына келтіру жұмысын қиындатып отыр", - деп атап көрсетті Назарбаев.

Айта кетейік, биылғы форумның тақырыбы – "Үлкен Еуразияны құру: серіктестіктің жаңа үлгісі". Спикерлердің ішінде бұрынғы мемлекет және үкімет басшылары, министрлер мен Нобель сыйлығының лауреаттары бар.

© Sputnik / Владислав ВодневЕлордада "Astana club" саяси форумы өтіп жатыр
Дағдарыс болуы мүмкін: Назарбаев неге алаңдап жүргенін айтты - Sputnik Қазақстан
Елордада "Astana club" саяси форумы өтіп жатыр

Кешегі отырыста 2020 жылдағы Еуразия құрлығы үшін 10 басты сын-қатер бойынша арнайы зерттеудің нәтижесі жарияланған болатын. Оған ірі бұқаралық апарақ құралдары, халықаралық институттар, 40 беделді сарапшы мен саясаткер қатысты. Бұдан бөлек, арнайы сауалнамаға 70 елден 1100-ден астам кәсіби маман тартылған. Әлемдік экономика және саясат институтының директоры Ержан Салтыбаевтың айтуынша, осы рейтингтің тағы бір маңызды тұсы, ол  барлық халықаралық зерттеуден бұрын жарияланып отыр.

Жаңалықтар
0