Экономика

Елімізде қай дәрілер қымбаттап жатыр?

CC0 / Myriams-Fotos / Лекарства
Лекарства - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Денсаулық сақтау министрлігі 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап балаларға рецепт бойынша жазылатын барлық дәріні медсақтандыру аясында тегін бермек. Ал 2022 жылы бүкіл халық тегін дәрмекпен қамтылады

НҰР-СҰЛТАН, 5 қараша – Sputnik. Қазақстанда медициналық препараттар бір жылда 8%-ға қымбаттады. Бұндай статистиканы Energyprom.kz мониторинг агенттігінің сарапшылары жариялады.

Зерттеуге сәйкес, халық дәрі-дәрмектің шамамен 80%-ын өз ақшасына сатып алады, препараттардың үштен бірін ғана мемлекет есебінен алады.

"Дәрілердің бағасы қымбаттап барады. 2019 жылғы қыркүйектің қорытындысы бойынша, баға 2018 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 8,2%-ға өсті. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 7% болған. Бағасы ең көп өскен – дәрумендер (бір жылда 11,4%), анальгетиктер (10,6%), корвалол мен антибиотиктер (9,3%)", - делінген ақпаратта.

Бұған қоса, биылғы қаңтар-қыркүйекте дәрі-дәрмек өндірісі 56,6 миллиард теңгеге, басқа препараттар өндірісі 4,1 миллиард теңгеге жетті. Барлық фармацевтикалық өнім өндірісінің көлемі былтырғы 55,5 миллиард теңгеден биыл 65,3 миллиард теңгеге артты.

Қазақстанда медициналық препараттардың бүкіл өндірісі үш өңірде, атап өтсек Шымкент (23,1 миллиард теңге), Алматы облысы (21,1 миллиард теңге) және Алматыда (14,2 миллиард теңге) шоғырланған.

Тағы оқыңыз: Өлімге әкелуі мүмкін: емделіп жүргенде жеуге болмайтын тағамдар

Жаңалықтар
0