06:55 27 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD429.59
  • EUR507.30
  • RUB5.62
Экономика
Қысқа сілтеме алу
669 0 0

Президент Алматыда екі күндік жұмыс сапарымен жүр. Ол Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңеске қатысты

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Көк Жайлау" тау-шаңғы курортының құрылысына қатысы соңғы сөзін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Алматыда тағы бір проблема бар. Ол - "Көк Жайлау" тау-шаңғы курортының құрылысы. Осы мәселені қайта-қайта көтермеу үшін бүгін мен осы жобамен айналысуға тыйым саламын. Бұл дегеніміз, қалаға "Көк Жайлау" курорты керек емес. Оған қоса, бұл жобаға кәсіби экологтар мен білікті жұртшылық та қарсы", - деді Тоқаев бүгінгі отырыста.

Бұдан бөлек, мемлекет басшысы туристік нысандарды ластамау қажеттігін жеткізіп, Үлкен Алматы көлінің жағасындағы 86 күл-қоқыс үйінділерін алып тастауды тапсырды.

Айта кетейік, биыл сәуір айында мемлекет басшысы сол кездегі Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің ұсынысын қолдап, "Көк Жайлау" курортының құрылысын кейінге шегеруге шешім қабылдағанын жеткізген.

Тағы оқыңыз: Тоқаевтың жалғыз ұлының суреті жарияланды

"Алматының әкімі Бауыржан Байбек "Көк Жайлау" тау-шаңғы курортының жобасын кейінге қалдыруды ұсынды. Себебі сарапшылар мен қала тұрғындарының пікірін зерделеу керек. Мен бұл ұсынысты қолдаймын және тиісті шешім қабылдадым. Асығыстық жасауға болмайды", - деп жазды Тоқаев.

Кілт сөздер:
"Көк Жайлау" курорты, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып