Экономика

Досаев АҚШ президентінің мәлімдемесінен кейін қандай өзгеріс болғанын айтты

© Sputnik / Абзал КалиевҚазақстанның ұлттық валютасы теңге
Қазақстанның ұлттық валютасы теңге - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлттық банк жыл соңына дейін ақша-кредит саясатын қатаңдатуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз – Sputnik. Ұлттық банк жыл соңына дейін ақша-кредит талаптарын қатаңдату шараларын қолға алуы мүмкін. Бұл туралы бүгін банк төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Досаевтың айтуынша, биыл шілдеде айлық инфляция 0,2 процентті құраған. Жылдық инфляция 5,4 процент деңгейінде сақталды. Жеміс-көкөніс бағасының маусымдық төмендеуіне қарамастан, жазғы кезеңге тән инфляциялық процесс байқалмайды.

"Базалық ставканың қазіргі деңгейі мен ақша-кредит талаптары инфляцияны биыл нысаналы 4-6% дәлізінде сақтауды қамтамасыз етеді. Алайда әлемдік нарықта тәуекел деңгейінің өсуі мен тұтынушылық сұраныстан проинфляциялық қысымның күшеюін ескере отырып, Ұлттық банк жылдың соңына дейін ақша-кредит талаптарын қатаңдату шараларын қабылдайтынын жоққа шығармайды", - деді Досаев үкімет отырысында.

Ұлттық банк төрағасы валюта нарығындағы ахуал көп жағдайда сыртқы  факторларға тәуелді екенін атап өтті.

"12 тамыздағы жағдай бойынша теңге бағамы жыл басынан бері 0,9 процентке әлсіреп, бір доллар үшін 387,48 теңгені құрады", - деді ол.

Тағы оқыңыз: Мәдина Әбілқасымова доллардың неге қымбаттап жатқанын түсіндірді 

31 шілде мен 7 тамыз аралығында мұнайдың әлемдік бағасы барреліне 65,2 доллардан 56,2 долларға дейін күрт төмендеген.

"Бұл АҚШ президентінің Қытай тауарларына баж енгізетінін мәлімдегеннен соң болды. 12 тамыздағы жағдай бойынша мұнай бағасы барреліне 58,5 долларға дейін өсті. Ресей рублі айдың басынан бастап 12 тамызға дейін бір АҚШ доллары үшін 63,4 рубльден 65,4 рубльге дейін, 3,2 процентке әлсіреді", - деді Досаев.

Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері 1 тамызда 27 миллиард 700 миллион долларды құраған.

"Ол екінші деңгейлі банктердің валюталық свопты жабуымен және үкіметтің сыртқы борышын өтеу нәтижесінде шілдеде 1,8 процентке төмендеді", - деді банк төрағасы.

Жаңалықтар
0