Экономика

Қазақстанда ең жоғары және ең төмен жалақыны кім алады?

© Sputnik / Абзал КалиевЖалақы
Жалақы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Биыл бастапқы үш айда орташа айлық жалақы 168 мың теңгеден асты

НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. 2019 жылдың алғашқы үш айында орташа айлық жалақы 168,5 мың теңге болды, бір жыл ішінде 10,5 процентке өскен, деп хабарлайды Ranking.kz.

Инфляцияны есептегенде, қазақстандықтар жалақысының тұтыну қабілетінің шынайы өсімі 5,2 процентке жеткен.

2018 жылғы осы мерзімде бір жыл ішінде 8,7 процентке көбейген орташа жалақы 152,4 мың теңге болды, ал тұтыну қабілетінің шынайы өсімі – 2 процент.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда 400 мың теңге жалақыны кім алады?

Ең жоғары жалақыны қаржы және сақтандыру саласының қызметкерлері алады: 323 мың теңге, жылдық өсімі - 8,1 процент. Екінші орында - кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет: 296,3 мың теңге, бір жыл ішінде 16,2 процентке артқан. Ақпарат және байланыс саласының қызметкерлері орташа есеппен 253 мың теңге алады, жылдық өсімі 16,1 процент болған. Бұл – Қазақстанда жалақысы ең жоғары үш сала.

Ауыл, орман және балық шаруашылығы жұмысшыларының жалақысы ең жоғары өсімге (16,4 процент) ие болса да, небәрі 93,2 мың теңге болды.

Сонымен қатар, ең төмен жалақы алатын салалар – денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет (115,8 мың теңге), білім беру (109,9 мың теңге).

Тағы оқыңыз: Маусымнан бастап 1 миллион қазақстандықтың жалақысы өседі

Өңірлер бойынша,алғашқы үш айда ең жоғары айлық жалақы Атырау облысында болды: 322,7 мың теңге (былтырғы жылмен 15,2 процентке көбейген), бұл орташа республикалық деңгейден 154,7 мың теңгеге көп (168,5 мың теңге).

Екінші орында Маңғыстау облысы: 287,9 мың теңге, бір жыл ішіндегі өсімі - 2,1 процент. Ал үшінші орында Нұр-Сұлтан: 233,5 мың теңге, бір жыл ішінде 4,4 процентке көбейіпті. Ең төмен орташа айлық жалақы Түркістан облысында: 109 мың теңге - республикалық деңгейден 1,5 есе аз.

Жаңалықтар
0