Саясат

Тоқаев Ұлттық банк төрағасына теңге бағамына қатысты тапсырма берді  

© Sputnik / Тимур БатыршинАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қасым-Жомарт Тоқаев бұл салаға тиісті бақылау жүргізудің қажеттігін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз — Sputnik. Қазақстан президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.  

Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Қазақ тілі болуы тиіс" Тоқаев үштілділікке қатысты ұстанымын айтты
Мемлекет басшысына валюта-қаржы нарығындағы қазіргі ахуал мен еліміздің қаржы секторын несиелеу және сауықтыру үшін жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде баяндалды. Сонымен қатар, Ұлттық банк төрағасы Қазақстан президентіне ұлттық валютаның өзгеруіне әсер етуші факторлар туралы мәлімет берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк тарапынан бұл салаға тиісті бақылау жүргізудің қажеттігін айтты.

Кездесу соңында мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

 

Жаңалықтар
0