20:30 05 Желтоқсан 2020
Тікелей эфир
  • USD420.79
  • EUR511.98
  • RUB5.67
Экономика
Қысқа сілтеме алу
1059 0 0

Бүгінгі таңда 1,3 миллион жеке тұлға бюджетке 17 миллиард теңге қарыз

АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев салық қарызы бар жеке тұлғалар үшін рақымшылық жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды тілшісі. 

Президенттің айтуынша, бүгінгі таңда 1,3 миллион жеке тұлғаның бюджет алдында көлік, мүлік және жер салығы бойынша берешегі бар. 

"Бұл 17 миллиард теңгеден астам, оның 5 миллиард теңгесі қарыздың үстінен есептелген өсімпұл. Мен бұған дейін де айтып, үкіметке негізгі салықты төлейтін болса, онда осы өсімпұлды кешіретін салық рақымшылығын жүргізуді тапсырғанмын", — деді мемлекет басшысы үкіметтің кеңейтілген отырысында. 

Айта кетсек, бұған дейін президент шағын және орта бизнес кәсіпкерлері үшін салық амнистиясын жариялауды тапсырған еді. Егер олар осы жылдың 31 желтоқсанына дейін негізгі борышты өтесе, онда өсімпұл мен айыппұлдары кешіріледі.


Тақырып бойынша

Енді қазақстандықтарға салық берешегі туралы SMS-хабарлама жіберіледі
Қазақстанда жаңа салық енгізілді: оны қанша адам төледі
Қазақстандықтар Жапониядан кеткені үшін салық төлейді
Президент салық амнистиясын өткізуді тапсырды
Кілт сөздер:
амнистия, салық, экономика, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып