Экономика

"10 мыңнан 230 мыңға дейін" Әкім астаналықтардың орташа жалақысын атады

© Sputnik / Болат ШайхиновАқша
Ақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астананың әкімі Бақыт Сұлтанов қала активімен кездесті

АСТАНА, 9 қаңтар – Sputnik. Қазір елордада орташа жалақы 230 мың теңгеден асады. Бұл туралы бүгін қала активімен кездесу кезінде Астана әкімі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Астана - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Назарбаев: Қазақстанда бір отбасы орташа 500 мың теңге табыс табады

Сұлтанов 20 жыл ішінде Астана ел тәуелсіздігінің символына, Қазақстанның қоғамдық-саяси және мәдени өмірінің орталығына айналғанын атап өтті. Осы орайда әкім 20 жыл ішінде қол жеткізілген кейбір көрсеткіштерге тоқталды. 

Оның айтуынша, 20 жыл ішінде қала аумағы 3 есеге ұлғайып, салынған тұрғын үй көлемі 19 есеге өскен. Ал халық саны 4 есеге артты.

"Егер 20 жыл бұрын орташа жалақы 10 мың теңгеге жетпесе, қазір ол 230 мың теңгеден асады. Жұмыссыздық деңгейі 1998 жылдан бері 12,8%-тен 4,5%-ке дейін қысқарды", — деді Сұлтанов.

Тағы оқыңыз: 

Сондай-ақ, 20 жыл ішінде 20-дан астам республикалық және қалалық денсаулық сақтау нысаны, 300-ден астам балабақша мен мектеп тұрғызылған. Ал Астананың жалпы тұрғын үй қоры 4 есеге ұлғайып, 20 миллион шаршы метрден асты.

Тағы оқыңыз: 

Жаңалықтар
0