15:40 31 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD432.64
  • EUR505.02
  • RUB5.47
Экономика
Қысқа сілтеме алу
366 0 0

Түйе мен бие сүтін ұнтақ күйінде өндіретін жалғыз кәсіпорын Түркістан облысында орналасқан

АСТАНА, 11 желтоқсан – Sputnik. Индустрияландырудың екінші бесжылдығына арналған телекөпір барысында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев түйе мен бие сүтін экспортқа шығаруға рұқсат етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Түйе мен бие сүтін ұнтақ күйінде өндіретін Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын Түркістан облысында орналасқан. Жоба қуаттылығы – 1,5 мың тонна сүт. Кәсіпорын 144 адамды жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отыр. 

"Өнімнің 90 проценті шетелге экспортталатын болады. Жоба Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарында мал басын көбейтіп, түйе шаруашылығының дамуына септігін тигізеді. Біздің жоба – Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара тиімді серіктестіктің дәлелі", — деді телекөпір кезінде президентпен байланысқа шыққан "Golden camel group LTD" ЖШС директоры Янг Джи. 

Назарбаев ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге мемлекет әрдайым қолдау көрсететінін атап өтті.

"Бізде барлығы бар, бірақ өңдеу болмағаннан кейін, арзан бағамен шикізат ретінде сатып жатырмыз. Соларды өңдеп, бағасын көтеріп сату қажет. Қазіргі уақытта өнімді Қытайға, Парсы шығанағына, Ресейге шығаруға болады", — деді мемлекет басшысы.

Тақырып бойынша

Қазақстан Қытайға экспорттайтын газ мөлшерін екі есе ұлғайтты
Қазақстан Қырғызстаннан ет әкелуге тыйым салды
Астанада кейбір азық-түліктің бағасы арзандады
Жарты жылда не қымбаттап, не арзандады?
Кілт сөздер:
телекөпір, экспорт, шұбат, қымыз, Назарбаев
Загрузка...

Басты тақырып