13:17 08 Желтоқсан 2021
Тікелей эфир
  • USD434.60
  • EUR489.92
  • RUB5.85
Экономика
Қысқа сілтеме алу
547 0 0

Энергетика министрлігі Қазақстандағы жыл соңына дейінгі бензин бағасына болжам жасады

АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Қазақстанда жаңа жылға дейін бензин бағасы көтерілмейді, деп санайды энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

Бозымбаев атап өткендей, бензин бағасының өсуі мен төмендеуіне мұнай бағасы тікелей әсер етеді.

"Бүгінде бір баррель мұнай 70 доллар тұрады. Ертең, кім біледі, бәлкім, 40 доллар немесе 100 доллар тұруы мүмкін. Екінші фактор – өзіндік құны. Жаңа жылға дейін бензин қымбаттай қоймайды", — деді Бозымбаев.

Энергетика министрі атап өткендей, көтерме бағалардың төмендеуі нәтижесінде келесі жылы 1 қаңтардан бастап газ пайдаланатын электр станциялары үшін тауарлық газдың ақтық бағасы өңірге байланысты 6-15%-ға  арзандайды.

"Тарифтің төмендеуі жанармай ретінде табиғи газды пайдаланатын станцияларға қатысты. Біз 2016 жылы қуаттылық нарығы болады деп есептегенбіз, бірақ ол 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қана күшіне енеді. Тариф деңгейі төмендейді. Қазақстандықтар аз төлейтін болады", — деп сендірді ол.

Бозымбаевтың пікірінше, 20 қарашаға дейін 46 станцияның электр энергиясын өндіруге жұмсалатын шығыны қайта қаралады.

Қазан айында Қазақстан мен Ресейдің энергетика министрлері Қанат Бозымбаев пен Александр Новак бензин экспортына эмбаргоны алып тастау туралы хаттамаға қол қойды.

Тақырып бойынша

Бозымбаев Ресейден бензин тасымалдауға неге тыйым салынып отырғанын түсіндірді
Қазақстанда Ресейден бензин тасымалдауға тыйым салу ұсынылды
Теңге бағамының өзгеруі бензин бағасына әсер ете ме?
Кілт сөздер:
Қазақстан, Қанат Бозымбаев, ҚР энергетика министрлігі, жанармай, бензин, баға
Загрузка...

Басты тақырып