Экономика

Қазақстан Қытайға экспорттайтын газ мөлшерін екі есе ұлғайтты

© Sputnik / Стрингер / Медиабанкке өтуГаз құрылғысы
Газ құрылғысы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның газ-транспорттық жүйесінің технологиялық мүмкіндіктерін кеңейту арқасында тасымал тасымалданатын газ мөлшері ұлғайды

АСТАНА, 15 қазан — Sputnik. Қазақстанның "ҚазТрансГаз" АҚ компаниясы PetroChina International Company Limited ұйымымен 2019 жылдан бастап қазақстандық газ экспортын 10 миллиард кубметрге дейін өсіру туралы келісім жасасты. Бес жылдық шартқа Бейжіңде қол қойылған.

Қазақстан мен Қытайдың тулары - Sputnik Қазақстан
Қоғам
СІМ: Қытай Қазақстанға өтініш жасады

Қазақстан 2017 жылдың қазан айынан бастап Қытайға газ экспорттай бастады. Бір жыл ішінде тасымалдау көлемі, "Қазмұнайгаз" мәліметінше, бес миллиард куб метрге жеткен.

Тасымалдау мөлшерін арттыруға Қазақстанның газ-транспорттық жүйесінің технологиялық мүмкіндіктерін кеңейту арқасында қол жетті.

"Жуырда үш жоғары технологиялы компрессорлық станция пайдалануға беріледі, нәтижесінде Бейнеу – Бозой –Шымкент магистральді газ құбырының өткізу мүмкіндігі жылына 10 миллиардтан 15 миллиардқа дейін ұлғаяды. Осылайша қазақстандық газ құбырларының өткізу мүмкіндігін арттырып жатырмыз", — деді "ҚазТрансГаз" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Шәріпбаев.

Қазақстан Қытайға газ экспорттаудан қанша пайда табады?

"ҚазТрансГаз" АҚ басшының айтуынша, компания Қазақстанның ішкі қажеттілігін түгел қамтамасыз етіп отыр және сонымен қатар сыртқы нарыққа газ экспорттау ауқымын кеңейте алады.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Саясат
"Қытай біздің саудадағы ірі серіктесіміз". Назарбаев бейнеүндеу жолдады

"Бастапқы есептеулер бойынша, газ экспорттау мөлшерін 10 миллиард куб метрге дейін жеткізу нәтижесінде елімізге 2 миллиардтан астам валюталық түсім келеді", — деп хабарлады Шәріпбаев.

Бұл кіріс қазақстандық газ тұтынушыларға қолдау көрсетуге, 560 миллиард теңге несиелік портфельге қызмет көрсетуге, ресурстық базаны ұлғайтуға және газ-транспорттық жүйені жаңартуға мүмкіндік береді.

Атап өтсек, 2018 жылдың 9 айы ішінде "ҚазТрансГаз" АҚ 693 миллиард теңге түсім туралы есеп берген болатын. Компанияның шоғырландырылған таза пайдасы 1,5 есе көбейіп, 118,6 миллиард теңге болды.

Жаңалықтар
0