Экономика

Министрлік: Қазақстанда зейнетақы Ресей мен Беларуське қарағанда жоғары

© Sputnik / Тимур БатыршинҚартаң әйел
Қартаң әйел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері 226 долларды құраса, Ресейде – 200 доллар, Беларусьте 181 доллар

АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратынша, Қазақстан орташа зейнетақы жағынан көрші елдерді басып озған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ведомствоға сілтеме жасап.

Ақша - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Зейнетақы қорындағы ақша баспана алуға беріле ме?

Министрліктің мәліметінше, 2017 жылы базалық зейнетақыны қоса алғанда, зейнетақы төлемінің мөлшері екі рет өскен. 

"Өткен жылдың 1 қаңтарынан бастап жасы мен еңбек еткен жылдары бойынша барлық зейнетақы төлемінің мөлшері 9%-ке, базалық зейнетақы 7%-ке көтерілді. Елбасының "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты жолдауында айтылған тапсырманы орындау мақсатында, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап ынтымақты зейнетақы тағы 11%-ке, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі 13%-ке артты", — делінген министрлік сайтында. 

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ынтымақты зейнетақы тағы 8 процентке ұлғайса, базалық зейнетақы 6 процентке өскен.

Министрлік елімізде орташа зейнетақы мөлшері басқа мемлекеттермен салыстырғанда жоғары екенін атап өтті.

"Биылғы жылдың 1 қыркүйегіндегі мәлімет бойынша, зейнетақының орташа мөлшері 81 174 теңге немесе 226 долларды құрады. Басқа елдермен салыстырсақ, Ресейде орташа зейнетақы, Росстат мәліметінше, 13 323,1 рубль немесе 200 доллар, ал Беларусьте 374,76 рубль немесе 181 долларды құрайды", — делінген хабарламада. 

Сенат депутаты Бірғаным Әйтімова - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Депутат Әйтімова зейнетақысы қанша екенін айтты

Ең төменгі зейнетақы мөлшері жағынан да Қазақстан көш басында.  

"Осы жылдың 1 қазанындағы мәлімет бойынша, оның мөлшері 49 019 теңге немесе 137 долларды құрайды. Ал Ресейде – 4 983 рубль немесе 75 доллар, Беларусьте 2017 рубль немесе 100 долларға тең", — деп нақтылады министрлік. 

Ведомство алдағы уақытта жинақтаушы зейнетақы жүйесін жетілдіруді жоспарлап отыр. Ол үшін 2020 жылдан бастап жұмыс берушілер өз қызметкерлері үшін 5% мөлшерінде зейнетақы жарнасын төлеуге міндеттеледі.

Жаңалықтар
0