Экономика

"7-20-25": Түркістан облысында қанша үй салынып жатыр?

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтутұрғын үй ауданы, архив
тұрғын үй ауданы, архив - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл үйлер 2019 жылы пайдалануға беріледі

ТҮРКІСТАН, 19 шілде — Sputnik. "7-20-25" бағдарламасы аясында Түркістан облысында 360 пәтерлі 6 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте құрылыс басқармасының басшысы Құттыбек Жамашев айтты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"7-20-25": Астана тұрғындары банкте сағаттап кезекте тұр

Оның жалпы аумағы — 18,6 мың шаршы метр. Бұл үйлер 2019 жылы пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар, 2018 жылы 172 инвестициялық жобаның іске асырылуына 30,6 млрд.теңге қаралған. 

"Әлеуметтік сала бойынша білім беру саласына 83 нысанның құрылысына 15,9 млрд. теңге қаралған. Оның ішінде республикалық бюджеттен құрылысы жоспарланған 16 мектептің биыл 12-ін тапсыру көзделген. Қалған 4 нысанның құрылысы 2019 жылы аяқталады. Ал облыстық бюджеттен қаралған 11,5 млрд. теңгеге 67 нысанның құрылысын жүргізіп, оның ішінде биыл 28 нысанды пайдалануға беру межеленіп отыр. Қалған 39 мектеп келесі жылы тапсырылады", — деді Жамашев.  

Бұдан өзге, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт салаларында да бірқатар нысанның құрылысы жүріп жатыр. 

Жаңалықтар
0