15:56 24 Қаңтар 2021
Тікелей эфир
  • USD420.71
  • EUR516.13
  • RUB5.65
Экономика
Қысқа сілтеме алу
210 0 0

Энергетика министрлігінің басшысы Ресейден бензин тасымалдауға тыйым салу уақытша мәселе екенін айтты

АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев Ресейден теміржолмен бензин тасымалдауға тыйым салуға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бозымбаев Ресейден АИ-92 бензинін теміржолмен тасымалдауға тыйым салу ішкі нарықтағы жұмысты тұрақтандыру үшін қажет екенін атап өтті.

"Бізде басқа жол жоқ, әйтпесе біз өзіміздің мұнай өңдеу зауыттарындағы көлемді төмендетуге мәжбүр боламыз. Яғни, біз отандық немесе шетелдік өндірушілерді қолдауымыз тиіс. Біз отандық өндірушілерді таңдап отырмыз", —деді министр үкімет кулуарында.

Ол ресейлік бензинді Қазақстанға әкелуге тыйым салу уақытша ғана шешім екенін қайталап айтты. Бірнеше айдан кейін бұл тыйымның күші жойылады. 

"Осы уақыт аралығында біз экспортты жолға қоюымыз керек. Бұл бағыттта Орталық Азия, Ресейдегі әріптестерімізбен жұмыс істеуді жоспарлап отырмыз. Үкіметаралық келісім бірнеше ай жасалады, содан кейін бұл мәселе өздігінен шешіледі", — деп сендірді министр.

"Ең қымбат бензин – Қазақстанда" дейтіндерге Бозымбаев жауап берді>>

Бозымбаевтың пікірінше, жанар-жағармайды импорттауға салынған тыйым елдегі бензин бағасына еш әсер етпейді.

Теңге бағамының өзгеруі бензин бағасына әсер ете ме?>>

Кілт сөздер:
тасымалдау, бензин, жанармай, Қанат Бозымбаев, Ресей
Загрузка...

Басты тақырып