Экономика

Сағынтаев Рудныйда құс еті мен сүт қалай өндірілетінін көрді

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуСүт комбинаты, архивтегі фото
Сүт комбинаты, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан премьер-министріне "Жас Қанат – 2006" және "Лидер – 2010" зауыттары өз мүмкіндіктерін паш етті

АСТАНА, 25 мамыр  — Sputnik. Бүгін ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды. 

Сағынтаев Рудный қаласындағы "Жас Қанат – 2006" ЖШС-де болды, онда "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан "Ақылды құс фабрикасы" пилоттық жобасының жұмысымен танысты, деп хабарлады үкіметтің сайты. 

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Экономика
Сағынтаев Шөкеевке: Елбасының алдында тағы да ұятқа қалмайық

 Б.Сағынтаевқа сұрыптау цехында қуаттылығы сағатына 120 мың жұмыртқаны құрайтын жапониялық "Nabel" жабдығы таныстырылды. Жаңа технологиялар өнімдерді қолмен таңбалау мен сұрыптаудан босатуға мүмкіндік берді. Бұдан өзге, кәсіпорында жұмыртқа салатын қораптар шығару желісі іске қосылды. Өндірісті автоматтандыру күніне сегіз сағаттық жұмыс күнінде миллионға жуық жұмыртқаны тасымалдауға және қаптауға мүмкіндік береді. Өндірілетін өнім еліміздің барлық өңірінде сатылып, Ресейге, Ауғанстанға, Тәжікстанға және Қырғызстанға экспортталады. Биыл өнімді Иран мен Қытайдың жаңа нарықтарына экспорттау басталды.

Бақытжан Сағынтаев сондай-ақ Рудный қаласында Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылған "Лидер – 2010" ЖШС-де болды, өңірдің ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерімен кездесу өткізді.

Сүт зауытының цехтарын аралау барысында "Лидер – 2010" ЖШС директоры Александр Лигай өндірістің технологиялық ерекшеліктері туралы айтып, сүт және қышқыл сүт өнімдерін шығаруға арналған жабдықпен, осында шығарылатын өнімдер сұрыптамасымен таныстырды.


Жаңалықтар
0