Экономика

Жеке тұлғалар қашаннан бастап "банкрот" бола алады?

© Photo : Pixabay / EdarКалькулятор, архивтегі фото
Калькулятор, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгінде қаржы ұйымдарына қарызы бар жеке тұлғалар банкрот бола алмайды. Ал, банк пен мемлекет алдында борышын өтей алмай жүрген қазақстандықтардың саны миллионнан асып жығылған

АСТАНА, 25 сәуір — Sputnik, Кенжекей Тоқтамұрат.  Бұл мәселе 2015 жылдан бері үлкен мінберлерден айтылып келеді. Қаржы министрлігі "ҚР азаматтарының қарыздарын реттеу, төлем қабілеттерін қалпына келтіру мәселелері туралы" заң жобасын дайындап, депутаттардың назарына ұсынды.  

Құжат маусым айында Парламентке енгізіліп, тек 2021 жылы қабылданады деген жоспар бар. Ал, бұл аралықта біздің редакцияға хат жолдап, коллекторлардан "құтыла алмай" жүрген Анар Мұрат (аты-жөні өзгертілді – авт.) сияқты жеке тұлғалардың саны көбеймесе, азаймайтын сияқты. 

"Басқа пәле – онлайн банктен"

Пәтер - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ипотекасын төлей алмағандардың баспанасын тартып алуға тыйым салынбақ

Өзі Ақмола облысындағы шалғай ауылда тұратын бұл азаматша қызының  онлайн-банктерден алған қарызын өтей алмай, шарасыз күйге түстім дейді.

"Өткен жылдың тамызынан бері мені коллекторлар мазалап келеді. Қызым оқуын аяқтай сала, мұғалім болып жұмысқа тұрды. Жалақысы аз болды ма, әлде алданды ма, білмеймін, интернет арқылы бес минутта қалтаңа ақша салып бере салатын банктермен байланысыпты. 

Қызым компьютердің бер жағында, банк өкілі ар жағында отырып, бір-бірін көрместен, қызымның атына интернет арқылы жедел несие рәсімдей салады екен. "Бұл қалай, қандай банк, не деген оңай несие?" деп көп бас ауырттым. Сұрастыра келе білгенім, қалтаңды бес минутта қалыңдата салатын бұл қаржы ұйымдары – онлайн банк деп аталады екен және интернетте ондай банктер толып жүреді екен. 

Не керек, қызым алдымен 20-30 мыңдай, артынан 40-50 мың деп, бірнеше рет кредит алған. Бірақ, төлейтін уақытында ақша таба алмай, қарыздың пайызы өсе берген. Былтыр бірнеше қарызы үшін бес жүз мың теңге өтегенмін. Енді, міне, тағы бір коллектор пайда болды: "қызыңыз былтыр сәуір айында 50 мың теңге кредит алған, бір жылда пайызымен қоса 406 мың теңгеге жетті, екі аптада төлесеңіз 175 мың теңге" деп, күніне он шақты рет телефон соғады. Бұл өзі заңмен реттелген дүние ме, неге бір жыл бойы хабарын бермеген, неге сотқа бермеген? Қызымның да, менің де бұл қарызды төлей алатын жағдайымыз жоқ. Не істерімді білмеймін" — дейді ол. 

Банк қаншалықты ұзақ уақыт сотқа бермесе, соншалықты көп пайыз көреді

Нұрсұлтан Назарбаев Данияр Ақышевті қабылдады - Sputnik Қазақстан
Экономика
Ақышев Елбасыға қаржы нарығындағы ахуал жақсара түскенін айтты

Еліміздегі екінші деңгейлі банктердің заңсыз комиссияларымен күресіп, олардың клиенттерге айтпайтын қулықтарын "әшкерелеп" жүрген заңгер Қайрат Жұртболов коллектор мазаласа, бірден сотқа беріңіздер деп жауап беру керек дейді.  

"Біріншіден, 406 мың теңге үшін банк баспананы тартып алмайды. Екіншіден, 406 мың теңгені немесе әлгі 175 мың теңгені бір күнде өндіре алмайды. Кез келген мемлекеттік сот адамның сол сәттегі материалдық жағдайын ескереді де жалақысына байланысты ол соманы тіпті, бірнеше жылға бөліп тастайды", — дейді заңгер. 

Қайрат Жұртболов банктер, әсіресе, осы онлайн-банктер борышын төлей алмай жүрген азаматтарды неге ұзақ уақыт бойы сотқа бермейтінін былай  түсіндіріп берді. 

"Қарыз машақатының бәрі сол сотқа бермеуден басталып тұр. Егер банк ерте сотқа берсе, сот шешімі шыққан күннен бастап қарыздың пайызы жоғалады, айналдырған артық пайыз болса, сот оны төлемеуге рұқсат та беруі мүмкін. Бірақ, сотты мемлекеттік судья қараса ғана.  Сондықтан, пайызды көбейту үшін банк әдейі сотқа бермейді. Уақыт өткен сайын, пайыз айналып, адам белшесінен қарызға бата салады.

Ал, егер қаржы ұйымы аралық сотқа арыз берсе, аралық сот көп жағдайда сол банктің өтінішін қанағаттандырады. Қаржы ұйымы миллиондап пайыз сұраса да, соны қанағаттандырады".

Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң азаматтарға араша бола ала ма?

Қаржы министрінің орынбасары Қанат Баеділовтің айтуынша, бұл заң кейіпкеріміз сияқты жеке тұлғалардың қарызын реттеу жөніндегі мәселелерді шешуге бағытталған. 

Ақша - Sputnik Қазақстан
Экономика
Министр қазақстандықтардың орташа жалақысын атады
"Қазір Қазақстанда орташа есеппен бір миллионнан астам адам банктен алған қарызы мен салық борышын өтей алмай,  уақытын өткізіп алған. Заң жобасы сондай азаматтарды банкрот деп табудың шарттарын бекітпек. Ол үшін (жеке тұлғаны банкрот деп тану үшін – авт.) арнайы тест өткізу керек. Жеке тұлға мойнындағы қарызын өтей алмайды деген қорытынды шығару үшін оның салық не банк алдындағы қарызы оның бүкіл дәулетінен артық болуы керек. Бірақ, бұны жеке адам өзі анықтай алмайды. Сондықтан, осы заң керек", — дейді вице-министр. 

Анықтама: Дүниежүзілік банк сарапшыларының мәліметіне сүйенсек, жеке тұлғаларды банкрот деп тану процедурасы енгізілген елдерде өтініш бергендердің саны өте аз екен. Мысалы, Ресейде жеке тұлғаны банкрот деп тану туралы 2015 жылы 39 мың өтініш, Латвияда 5 өтініш, Эстонияда 34, Литвада 150 өтініш қана түскен.

"Қазақстанда өзін қарыз төлеуге қабілетсіз деп табу туралы заң қабылдана сала банктерге кемінде 200 мың адам келеді деген болжам бар", — дейді бұл статистикаға қатысты пікір білдірген Қаржы вице-министрі Қанат Баеділов.  

"Заңның атауы қандай болса, нәтижесі де сондай болады"

Ал, Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарағұсованың пайымынша, бұл заң жобасы әлі шикі, шала-пұла әзірленген.

 "Менің айтарым, біріншіден, заң жобасы күн тәртібінде бұрыннан келе жатқан мәселе. Бірақ, соған қарамастан Қаржы министрлгінің әкелген құжаты "құтылсам болдының" кейпі.

Қазком - Sputnik Қазақстан
Экономика
Ақышев Qazkom-ның банкрот болғаны жайлы алыпқашпа әңгімеге түсініктеме берді

Екіншіден, адамның аты тағдырына ықпал етеді дегендей, заң жобасының  атауына қарап, оның қаншалықты нәтижелі құжат болатынын және халықтың қалай қабылдайтынын түсінуге болады. Құжаттың атауында "адамның төлем қабілетін қалпына келтіру деп" жазылып тұр. Құрметті Қаржы министрлігі, оны қалай қалпына келтіресіз деп сұрағым келеді? Төлем қабілетінен айырылғандықтан да банк пен мемлекет алдындағы қарызын өтей алмай жүрген адамның төлем қабілеті жоқ деген сөз, сол жоқ нәрсені қалай қалпына келтірмекшісіздер? Заңның мақсаты қандай болса, тура солай атаңыздар, яғни, жеке тұлғаны банкрот деп табу туралы заң деген дұрыс", — дейді депутат. 

Мазмұнын былай қойғанда, заң атауына түбегейлі қарсы шыққан ол құжаттың ең негізгі мақсаты – форс-мажор жағдайында жеке тұлғаны құтқару болу керек дейді. 

"Бұл заң форс-мажор жағдайында жеке тұлғаларды баспанасынан, мүлкінен айырылуын сақтау керек. Жеке адам қарызын өтеу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады, барын сатып, тек баспанасын сақтап қалғысы келгенде, осы заң оның банк алдындағы қарызын баспанасын тартып алу арқылы емес, оны арендалық баспанаға ауыстыру арқылы өтеуге мүмкіндік беруі тиіс", — дейді ол. 

Ал, құжат авторлары, яғни, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі осы және өзге де ескертулерді есепке алып, заң жобасын маусым айында Парламент қарауына енгізуі тиіс. Заңның өзін тек 2021 жылы қабылдау жоспарланып отыр. 


Жаңалықтар
0