Экономика

Екібастұзда астаналық кәсіпкер 2,5 миллиард теңгеге зауыт ашпақ

© Sputnik / Серикжан КовланбаевЖанармай құю станциясы
Жанармай құю станциясы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қысқы дизель отынын шығаратын зауыт жыл соңына дейін іске қосылады

АСТАНА, 5 желтоқсан — Sputnik. Биылғы жылы желтоқсан айының екінші бөлігінде Екібастұз қаласында қысқы дизель отынын шығаратын «Aleftrade» ЖШС жұмысын бастайды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында қала әкімі Қайрат Нүкенов айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. 

Шұбаркөл - Sputnik Қазақстан
Экономика
Қарағанды облысында жарылғыш зат шығаратын зауыт салынады
"Жобаны астаналық кәсіпкер инвестициялап, 2,5 миллиард теңгедей қаржы бөлді. Зауыт Шідерті ауылында орналасқан. Жылына 30 мың тонна қысқы дизель отынын өндіреді. Шамамен 30 жаңа жұмыс орны ашылады", — дейді Қайрат Нүкенов. 

Еске салайық, биылғы жылдың мамыр айында Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Екібастұздың ауылдық аймақтарына жасаған жұмыс сапары барысында кәсіпорын құрылысымен танысқан болатын. Сол кезде «Alef trade» ЖШС-нің бас директоры Қайырлы Ғалиев зауытты қазан айында іске қосамыз деп уәде берген. 

Айта кетейік, Павлодар облысында қысқы дизель отынын шығаратын кәсіпорын ашылатыны наурыз айында белгілі болды.  


Жаңалықтар
0