Экономика

Бензин тапшылығы қайталанса, министр кінәні өз мойнына алуға дайын ба?

Жазылу
Қанат Бозымбаев елімізде бензин тапшылығы қайталанбайды деген үмітте

АСТАНА, 27 қараша — Sputnik. Бүгін ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев бензин тапшылығы қайталанбайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Журналистердің бірі министрге "күздегі жанармай тапшылығы кезінде сіздің орынбасарыңыз бен "ҚазМұнайГаз" президентінің орынбасары қызметінен кетті. Сіз сөгіс алдыңыз. Енді келесіде осындай жағдай қайталанса, кінәні тікелей өз мойныңызға ала аласыз ба?" деген сұрақ қойды.

Қанат Бозымбаев бензин тапшылығы қайталанбайтынын айтты.

"Сөгіс алдық. Іс-қимыл жасап жатырмыз. Енді ол мәселе қайталанбайтын шығар деп ойлаймын. Екі-үш рет бола ма, бесінші рет бола ма, менің басшыларым бар. Не істейді, қандай шаралар қабылдайды, олар өздері біледі", — деді министр.

Естеріңізге салып өтсек, қазан айының басында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзіне жүктелген міндеттерді тиісті дәрежеде атқармағаны үшін Қанат Бозымбаевқа сөгіс жариялаған еді.


Жаңалықтар
0