Экономика

Астана мен Мәскеу бейбіт атом саласындағы ынтымақтастық туралы келісті

© Sputnik / Александр Лыскин / Медиабанкке өтуКурчатов қаласы
Курчатов қаласы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Келісім бойынша ядролық қару-жарақ қалдықтарын жою, сондай-ақ ғылым мен ядролық технологиялар саласындағы серіктестікті қарастырылады

АСТАНА, 20 қыркүйек — Sputnik. Қазақстан мен Ресей ядролық энергетика саласындағы серіктестік туралы  келісімге қол қойды, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі. 

Министрліктің берген ақпараты бойынша Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы бұл құжатқа Венада өткен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) Бас конференциясының 61-сессия аясында қол қойылды. Келісімнің негізінде мен ядролық энергия саласындағы ғылыми зерттеулер жүргізу мен жаңалықтар ашу жөніндегі ынтымақтастық қарастырылады. 
Тараптар екі елдің үкіметі арасындағы ядролық қару-жарақты жою жөніндегі өзара серіктестік туралы хаттамаға да қол қойды. Оған қоса, атом энергиясы жөніндегі Еуропалық қауымдастық өкілдерімен екі жақты кездесулер болды. 
Баспасөз қызметі 18-22 қыркүйек аралығында Австрияда атом энергиясын бейбіт жағдайда қолдану саласы бойынша МАГАТЭ Бас конференциясының жыл сайынғы форумның 61-сессиясы өтетінін атап өтті.  
Конференция жұмысына МАГАТЭ мүше мемлекеттердің ұлттық делегациялары қатысады. 

Жаңалықтар
0