Экономика

Қытайлық инвесторлар сабан өңдеу бойынша зауыт ашуды көздейді

© Sputnik / Игорь Чабаненко / Медиабанкке өтусабан
сабан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қытайлық делегация Ақмола облысының Есіл ауданында болды, онда қытайлық кәсіпкерлер биологиялық массаны өңдеу бойынша кәсіпорын салуды көздеп отыр

АСТАНА, 30 мамыр — Sputnik. Қытайлық кәсіпкерлер Ақмола облысында сабан өңдеу бойынша жобаны іске қосуды көзеп отыр, деп хабарлады Есліл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Өңір билігінің ақпаратына сәйкес, 26 мамырда Есіл ауданына қытайлық Anhui Geyi Biorefineries Industrial Park Ltd" компаниясы мен бірқатар ірі машина жасау кәсіпорындарының басшылығы мен мамандары келді. 

© Photo : пресс-служба акима Есильского района Акмолинской областиКитайские инвесторы в Акмолинской области
Китайские инвесторы в Акмолинской области - Sputnik Қазақстан
Китайские инвесторы в Акмолинской области

Аспан асты елінің кәсіпкерлері Есіл ауданында биологиялық массаны өңдеу бойынша кәсіпорын салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру мүмкіндігін қарастырып жатыр. Атап айтқанда жылсайынғы 500 мың тонна көлеміндегі бидай сабанын өңдеу. 

Жоба бойынша инвестицияның жалпы сомасы – 300 миллион АҚШ доллары. Қытайлық тарап барлық шығындарды өзі көтереді. 


Жаңалықтар
0