20:35 19 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD427.82
  • EUR509.75
  • RUB5.93

ЕАЭО дәрі-дәрмек нарығы Қазақстан үшін несімен тиімді

Экономика
Қысқа сілтеме алу
40 0 0

ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Еуразиялық экономикалық одағы елдерінің біртұтас дәрі-дәрмек нарығын құру қазақстандық фармкомпанияларына қалай әсер ететінін айтып берді.

Биртанов о рынке лекарств ЕАЭС: это открывает большой потенциал для РК

"Біртұтас нарық деген Қазақстанда өндірілетін қазақстандық дәрі-дәрмек препараттарының өңір елдері – Ресей, Белоруссия және тағы басқа жерлерде қосымша кедендік, тіркеу рәсімдерді өтусіз еркін сату", — деді Біртанов журналистерге. 

"Бұл өндірушілердің шығындарын біршама азайтып, іс жүзінде қазақстандық фармацевтикалық препараттарға осы аймақта өзге өндірушілермен бәсекеге түсуге мүмкіндік береді. Бұл біздің фармацевтикалық компаниялар үшін үлкен әлеует деп санаймын, өйткені нарық көлемі біршама артады. Бірақ бұл ретте, әрине еш нәрсе оңай емес, өйткені компаниялар бәсекеге дайын болуға тиіс, әсіресе бағаға қатысты", — деп қосты ол. 

Дәрі-дәрмек заттарының бірыңғай нарығы 6 мамырдан бастап әрекет ете бастады. 


Загрузка...

Басты тақырып