Экономика

Назарбаев бейнеленген банкнот 1 желтоқсанда айналымға шығады

© SputnikНұрсұлтан Назарбаев бейнеленген банкнот
Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген банкнот - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2016 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған, номиналдық құны 10 000 теңгелік мерейтойлық банкнотты айналысқа шығарады.

АСТАНА, 30 қар — Sputnik. Банкноттың дизайны айналыстағы ақша белгілерімен бірыңғай стильде орындалған: бет жағында бейнелер басым түрде тігінен, сырт жағында көлденеңінен орналасқан. Банкноттың өлшемі –149х79 мм. Банкноттың басым түсі көкшіл күлгін.

Банкноттың бет жағындағы негізгі бейнелер: "Қазақ Елі" монументі, Есік қорғанынан табылған "Алтын адамның" бас киімінің бір бөлігі – "Өмір ағашы". Голографиялық металл жолақта астананың көрінісі, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің факсимилесі және күннің стильдендірілген бейнесі орналасқан.

Қазақстан картасының бейнесі көлбеу бұрышын өзгерткен кезде түсін өзгертетін қорғаныш элементін білдіреді. Картаның бетінде "МӘҢГІЛІК ЕЛ" деген жазба бар. Сонымен қатар Іле Алатауындағы тау тізбегі бейнеленген. Сол жағында ортасында номиналдың цифрлық бейнеленуі басылған. Жоғарғы оң жақ бұрышында шығарушы банк – "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ", сондай-ақ қолдан жасағаны үшін жауапкершілік туралы ескертетін "Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады" деген жазба бар. 

© Photo : Пресс-служба Нацбанка РКБанкноттың бет жағы
Банкноттың бет жағы - Sputnik Қазақстан
1/2
Банкноттың бет жағы
© Photo : Пресс-служба Нацбанка РКБанкноттың сырт жағы
Банкноттың сырт жағы - Sputnik Қазақстан
2/2
Банкноттың сырт жағы
1/2
Банкноттың бет жағы
2/2
Банкноттың сырт жағы

Банкноттың сырт жағында негізгі бейне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың портреті болып табылады. Портрет қағаздың бетінде бедерлікті қамтамасыз ететін және ұстаған кезде сезілетін интаглио (терең басу) әдісімен орындалған.

Әлемдік практикада бұл әдіс банкноттардағы портреттерді орындаған кезде дәстүрлі әдіс болып табылады. Артқы көріністе Қазақстан картасы бейнесінің аясында «Бәйтерек» монументін қоса алғанда, Астана қаласындағы бірнеше ғимарат бейнеленген. Қызғылт сары қорғаныш үзік-үзік жіп банкноттың көлбеу бұрышына орай түсін өзгертеді. "Подделка банкнот преследуется по закону"» деген жазба банкноттың сол жақтағы төмен бұрышында орналасқан. Басқа ақша белгілерімен қатар, бұл банкнот айналысқа шығарылған сәттен бастап заңды төлем құралы болып табылады, сондай-ақ барлық төлемдер мен ақша аударымдарында қабылдануға міндетті. Таралымы – 100 000 дана. 

Жаңалықтар
0