03:19 24 Шілде 2021
Тікелей эфир
  • USD424.68
  • EUR499.76
  • RUB5.77
Экономика
Қысқа сілтеме алу
6201

Ресейден импортталатын Аи-92 бензині бағасының қымбаттауы жеткізуші зауыттардағы меншік иесінің ауысуымен түсіндіріледі.

АСТАНА, 29 қар — Sputnik. Қазақстанның энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қазақстанда бензиннің қымбаттауын түсіндірді.

Оның айтуынша, бензиннің бағасына қатысты басты мәселе Қазақстанның Аи-92 бензині бойынша 30%-ға Ресейге тәуелді екендігіне байланысты туындап отыр. 

"Қазақстан мен Ресей шекарасында 92 бензині бағасының жоғарылауы байқалады. Сенбі күні РФ энергетика министрі Новак мырзамен сөйлесіп қайттым. Біз елдіміздегі компаниялардың желтоқсанда ресейлік бензинді 100 мың тоннаға дейін жеткізуі мәселесін реттеп жатырмыз", — деді Бозымбаев сейсенбі күнгі үкімет отырысынан кейін тілшілерге.

"Ресейдің Қазақстанға экспорттайтын бензинді қымбаттатуының себебі айқын: меншік иесінің ауысуына байланысты башқұрт МӨЗ-да бірнеше ішкі мәселелер туындаған: ол жақта есеп, тексерістер жүргізілуде. Қазіргі уақытта Қазақстанға бензин жеткізу көлемі шектелген", — деді Бозымбаев.

Загрузка...

Басты тақырып