Денсаулық

"Болашақ" стипендиаттары ДДСҰ мақұлдаған вакцинаны салдыра алады

© Sputnik / Владислав ВодневБОЛАШАК, центр международных программ
БОЛАШАК, центр международных программ - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.01.2022
Жазылу
Бұл мәселе білім және ғылым министрлігінің өтініші бойынша коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралған
АЛМАТЫ, 13 қаңтар – Sputnik. "Болашақ" бағдарламасының стипендиаттары дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған вакцинаны қайта салдыра алады. Бұл туралы білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Министрліктің хабарлауынша, бұл мәселе білім және ғылым министрлігінің өтініші бойынша коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралған. Нәтижесінде бағдарлама бойынша білім алып жатқан қазақстандықтар ДДСҰ мақұлдаған вакцинамен қамтамасыз етілді.
"Осындай шешімнің арқасында "Болашақ" стипендиясының иегерлері ДДСҰ мақұлдаған вакциналарды алған кезде ғана кіруге рұқсат етілген елдерге кедергісіз бара алады", - делінген ақпаратта.
Айта кетері, 2021 жылдың 8 қарашасынан бастап АҚШ-қа дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған вакцина салдырған адамдарға ғана кіруге рұқсат беріледі. Бұл тізімге Pfizer-BioNTech, Moderna, Johnson&Johnson, AstraZeneca, Covishield, BIBP/Sinopharm, Sinovac вакциналары кіреді.
Австралия, Канада, Жаңа Зеландия, АҚШ-қа және Жапонияға оқуға немесе тағылымдамадан өтуге баратын бағдарлама стипендиаттары ДДСҰ мақұлдаған препараттардың екі дозасын толық алуы қажет. Қазақстандағы ведомствоаралық комиссия BIBP/Sinopharm вакцинасын алуға рұқсат берді.
Жаңалықтар
0