14:50 20 Қаңтар 2022
Тікелей эфир
  • USD434.48
  • EUR492.61
  • RUB5.68
Денсаулық
Қысқа сілтеме алу
108 0 0

Жаңа жылдық корпоративте адам өзін де, өзгелерді де вирустан қорғай алады. Бұл мәселені маска тақпай-ақ шешуге болады

НҰР-СҰЛТАН, 7 желтоқсан – Sputnik. Мұрынға тамызатын және ылғалдаушы препараттарды бетперденің орнына пайдалануға болады. Оны тамызғаннан кейін мұрынның шырышты қабығында "биопленка" пайда болады, ол коронавирустан қорғайды. Бұл туралы ресейлік инфекционист дәрігер Евгений Тимаков айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

"Корпоративте біз көп жағдайда бетперде тақпаймыз. Бірақ маска іспетті қорғаныс жасауға болады. Бүгінде мұрынның шырышты қабығын ылғалдаушы препараттар бар. Соны тамызғаннан кейін биопленка пайда болады. Ол вирустың таралуына жол бермейді", - дейді Тимаков.

Оның айтуынша, мұрынның шырышты қабығын ылғалды күйде ұстау қажет. Себебі "құрғақ мұрынға" вирус жабысады. Оған жол бермеу үшін ылғалдаушы және тамызатын құралдарды қолдануға болады.

"Ондай препараттарды корпоративтің алдында тамызып, үйге келгесін мұрынды физиологиялық және тұзды ерітіндімен жақсылап шаю қажет. Одан кейін тағы мұрынға арналған дәрі тамызып қойған жөн", - деп атап көрсетті Тимаков.

Сондай-ақ, корпоратив кезінде қолдың тазалығына баса назар аудару қажет. Соның арқасында адам ағзасына түсетін вирустар азаяды.

"Өзгелердің денсаулығын да ұмытпау керек. Егер тұмауратып тұрсаңыз, я болмаса, тамағыңыз жыбырлап, белгісіз себептермен шаршап тұрсаңыз, корпоративке барудың қажеті жоқ. Басқаларға жұқтырасыз. Бүгінде барлық адамда коронавирусқа қарсы иммунитет бар деп айта алмаймыз. Бәрі бірдей екпе де алмаған", - деді Тимаков.

Тақырып бойынша

Цой жаңа жылдық корпоративке қатысты қазақстандықтарға кеңес берді
Сағызға ұқсас: коронавирустан қорғайтын құрал әзірленді
2021 жылы қазақстандықтардың өмірі қалай өзгерді
Дәрігер 40 жастан кейін ағзадағы холестеринді азайтатын азық-түлікті атады
Өткен тәулікте 545 адам індет жұқтырды
Кілт сөздер:
бетперде
Загрузка...

Басты тақырып