14:52 20 Қаңтар 2022
Тікелей эфир
  • USD434.48
  • EUR492.61
  • RUB5.68
Денсаулық
Қысқа сілтеме алу
2347 0 0

Дәрігердің айтуынша, "Қызыл жалау" тобына жататын симптомдар жиынтығы бар

НҰР-СҰЛТАН, 6 желтоқсан – Sputnik. Дәрігер коронавирус кезіндегі қауіпті симптомдар мен қай кезде жедел жәрдем шақыру қажет екенін айтты.

Коронавирусқа шалдыққан адамға қосымша кеңес пен медициналық көмек қажет, дейді Sputnik радиосына берген сұхбатта жоғары санатты дәрігер-терапевт Алексей Водовозов.

"Ағзада инфекция күмбез тәрізді тізбекте жүреді. Яғни симптомдар алдымен ең жоғарғы шыңда болады, содан кейін біртіндеп төмендейді. Бұл ағза инфекциямен өзі күресіп жатқанда қалыпты жағдай болып саналады. Ал егер осы тізбек бұзылса демек науқасқа қосымша медициналық көмек қажет", - дейді ол.

Қосымша медициналық көмек қажет екенін қандай белгілерден білуге болады?

"Қызыл жалау" тобына жататын симптомдар жиынтығы бар. Олар пайда болғанда уақыт созбай көмекке жүгіну керек. Ең алдымен демікпенің пайда болуы. Қалыпты жағдайда адамның бір минуттағы тыныс алу жиілігі 14-16. Егер ол көрсеткіш 30-ға дейін жетсе бұл демікпені білдіреді. Егер демікпе асқынса ауа жетпей қалады. Сондықтан оның алғашқы белгісі білінгенде-ақ көмекке жүгіну керек", - дейді дәрігер.

Оның айтуынша, коронавирустың ауыр салдарын болдырмау үшін екпе алу қажет.

Оқи отырыңыз: 

Кілт сөздер:
коронавирус, жедел жәрдем
Загрузка...

Басты тақырып