14:07 06 Желтоқсан 2021
Тікелей эфир
  • USD436.29
  • EUR492.83
  • RUB5.92
Денсаулық
Қысқа сілтеме алу
COVID-ке қарсы вакцина (429)
27 0 0

Келесі жылы Қазақстан халқының басым бөлігі ревакцинация жасатуға тиіс

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ревакцинация үшін көрші Ресейден "Спутник Лайт" вакцинасын сатып алу жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біз бұл мәселені пысықтап жатырмыз. Ресейлік әріптестерден "Спутник Лайт" вакцинасын жеткізу мүмкіндігін сұрадық. Негізінде бұл дәл сол "Спутник V", тек бөлек бірінші компонент", - деді Цой журналистерге үкімет отырысынан кейін.

Қазіргі таңда препаратты жеткізудің нақты мерзімі пысықталып жатыр, жақын арада белгілі болып қалуы мүмкін.

"Біз Ресейден "Спутник Лайт" вакцинасының қанша көлемін бере алатынын сұрадық. Өйткені олар да өз нарығын қамтамасыз етеді. Коммерциялық ұсынысты алған бойда мәселені талқылауға кірісеміз. Әзірге бізге көп вакцина қажет емес, өйткені вакцинация кезең-кезеңмен жүріп жатыр. Негізінде жыл соңына дейін ревакцинацияға вакцина жеткілікті, ел ішінде бар", - деді министр.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда коронавирусқа қарсы ревакцинация басталды 

Оның айтуынша, қазақстандықтардың басым бөлігі ревакцинацияны келесі жылы жасатады. Өйткені екінші дозадан кейінгі 6-9 ай мерзім аяқталады. Сондықтан ревакцинацияға арналған препарат та 2022 жылы жеткізілуі мүмкін.

Бұған қоса, Қарағанды фармацевтика кешенінде "Спутник Лайт" вакцинасының тәжірибелік партиясы өндірілді. Қазіргі кезде вакцинаны Қарағандыда шығару мәселесі қарастырылуда.

"Ол жерде технологияны сынақтан өткізіп, тексеру үшін тестілік партия шығарылды. Білуімше, бірінші партия сынақтан сәтті өтті, яғни олар мәлімделген талаптарға сәйкестігін растады", - деп түйіндеді Цой.

Кеше, 22 қарашада Қазақстанда ревакцинация басталды.

Ревакцинация кезінде адамға коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасы егіледі. Қайта вакциналау иммунитетті нығайту үшін қажет.

Ревакцинация мынадай аралықтарды сақтай отырып жүргізіледі:

  • векторлық вакциналарды енгізгеннен кейін – 9 айдан соң;
  • белсенділігі жойылған вакциналарды және м-РНҚ-вакциналарды енгізгеннен кейін – 6 айдан соң.

Ревакцинацияны, ең алдымен, медицина қызметкерлері, педагогтар, күш құрылым қызметкерлері, 60 жастан асқандар, медициналық-әлеуметтік мекеме қызметкерлері жасайды.

Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина (429)
Кілт сөздер:
коронавирус, вакцина, келіссөздер
Загрузка...

Басты тақырып