14:45 06 Желтоқсан 2021
Тікелей эфир
  • USD436.29
  • EUR492.83
  • RUB5.92
Денсаулық
Қысқа сілтеме алу
COVID-ке қарсы вакцина (429)
22 0 0

Екінші партияда 266 760 доза бар, вакцина республика өңірлеріне жөнелтілді

НҰР-СҰЛТАН, 20 қараша – Sputnik. Алматыға коронавирусқа қарсы Pfizer (Comirnaty) вакцинасының кезекті партиясы келді. Жүктің құрамында 266 760 доза бар.

"Бірыңғай дистрибьютор Pfizer компаниясымен жүргізілген келіссөздер қорытындысы бойынша барлығы 4 миллион 230 мың доза сатып алды. Ковидке қарсы препаратты америкалық Pfizer компаниясы мен германиялық BioNTech технологиялық компаниясы әзірледі", - делінген денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Вакцина өңірлерге жөнелтілді. Comirnaty вакцинасы тікелей өңірлердегі денсаулық сақтау басқармаларының қоймасына жеткізіледі.

Вакцина тасымалы "салқындату тізбегі" қағидаты бойынша жүргізіледі — әр кезеңде температура режимі қатаң сақталады, деп толықтырды ведомство.

12 қарашадан бастап Қазақстанда Pfizer вакцинасын егу науқаны басталды.

Вакцинаның бірінші партиясы 379 мың доза мөлшерінде жеткізілді. Препарат балалар мен жасөспірімдерге, бала емізетін және жүкті әйелдерге арналған.

Оқи отырыңыз: 

Ревакцинациядан бас тартқан дәрігерлер жұмыстан шеттетіле ме

Қазақстандықтар Pfizer вакцинасын ақылы түрде салдыра алады

Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина (429)
Кілт сөздер:
вакцина, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып