15:22 06 Желтоқсан 2021
Тікелей эфир
  • USD436.29
  • EUR492.83
  • RUB5.92
Денсаулық
Қысқа сілтеме алу
COVID-ке қарсы вакцина (429)
45 0 0

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой азаматтарды ақылы түрде вакциналау үшін Comirnaty (Pfizer) вакцинасын коммерциялық нарықта сатуды ұсынған болатын. Үкімет бұл ұсынысты қолдады

АЛМАТЫ, 18 қараша – Sputnik. Алматыда қазірге дейін 3 714 адам Pfizer вакцинасын салдырды. Бұл туралы қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"12 қарашада Pfizer вакцинасын салу басталды. Қалаға бірінші және екінші компонентін қосқанда 46 800 дозасы жеткізілді. Қазірге дейін оның ішінде 3 714 Pfizer вакцинасын салдырды, 2 295-і бала мен жасөспірім, 310 жүкті әйел, мыңға жуық емізулі баласы бар әйел бар", - деді Светлана Сұлтанғазиева.

Айта кетері, қаладағы медициналық ұйымдарда, қаланың сауда ойын-сауық орталықтарында 132 вакцинация пункті жұмыс істеп тұр. Оған 201 егу бригадасы, 756 медицина қызметкері жұмылдырылды.

Алматыда коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 1 016 111 адам, екінші компонентін 946 920 қала тұрғыны салдырды.

Жуырда Қазақстанға Pfizer вакцинасының 379 мың дозасы жеткізілді. Екінші партия 20 қарашаға дейін жеткізіледі. Қазір бұл препаратпен вакциналау 7 өңірде – Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында басталды.

Бұған дейін Үкімет отырысында қазақстандықтар Pfizer вакцинасы ақылы түрде салдыра алатыны хабарланды.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой азаматтарды ақылы түрде вакциналау үшін Comirnaty (Pfizer) вакцинасын коммерциялық нарықта сатуды ұсынды. Үкімет бұл ұсынысты қолдады.

Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина (429)

Тақырып бойынша

"Вакцинаның пайдасын кеш түсінеді": дәрігерлер жансақтау бөлімін көрсетті – видео
ДДҰ үндістандық вакцинаны мақұлдады: Covaxin туралы не белгілі
Нұр-Сұлтанға Pfizer вакцинасы жеткізілді
Алматы қашан "жасыл" аймақ талаптарына көшеді
Әбдіқалықова: Қызылорда облысы халқының 72,5%-і вакцинаның екі компонентін алды
Кілт сөздер:
Алматы, вакцина, адам
Загрузка...

Басты тақырып