18:23 30 Қараша 2021
Тікелей эфир
  • USD433.74
  • EUR489.52
  • RUB5.78
Денсаулық
Қысқа сілтеме алу
COVID-ке қарсы вакцина (427)
138 0 0

Вакцина жүкті, емізулі баласы бар және 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге салынады

АЛМАТЫ, 12 қараша – Sputnik. Алматыда 1 600-ден астам ата-ана балаларына Pfizer вакцинасын салдыруға келісім берді. Бұл туралы Алматы қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ол сондай-ақ жасөспірім ата-анасының рұқсатынсыз Pfizer вакцинасын салдырғысы келсе, медицина қызметкерлері не істейтінін айтты.

"12 қарашада емханада Pfizer вакцинасын салу басталды. Сондай-ақ мектептерге барып вакцина салуға дайынбыз. Мектеп басшылығымен бірлесе жұмыс атқарылды. Pfizer вакцинасы жеткізілетіні айтылғаннан бастап ата-аналардың оған дайындығын сұрастырдық. Қазір қалада 8 аудан бойынша сараптама жүргіздік, 12 жастан 17 жас аралығындағы 1 619 балаға вакцина салуға рұқсат берді. Ата-ананың рұқсаты мен арнайы тізімі бар", - деді Мырзағали.

Айтуынша, вакцина салдыруға баланың өзі келсе, мектеп ата-анасының нөмірін алып, байланысқа шығады.

"Жасөспірім вакцина салдыруға медициналық мекемеге өзі баратын болса, ата-анасына хабарласып, рұқсатын сұраймыз. Қалай болса да, ата-ананың рұқсаты қажет", - деп толықтырды ол.

Ал баласына вакцина салуға рұқсат берген ата-ана медициналық мекемеге бірге бара алады немесе баланың өзін жібере алады.

"Ата-ана рұқсат берсе, ол деректер медицина қызметкерінде және бала оқитын сынып жетекшісінде болады", - деді Мырзағали.

Айта кетері, 10 қарашада түнде Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді. Алматы қоймасында вакцинаның алғашқы 46 800 дозасы, бірінші компоненттің 23 400 дозасы және екіншісінің 23 400 дозасы бар. Екі бөлігінің арасы 21-28 күн болуы керек.

Вакцина жүкті, емізулі баласы бар және 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге салынады.

Вакцинаны жүктіліктің 16-37 аптасы арасында салдыруға болады. Емізулі баласы бар әйелдер босанған соң 42 күннен кейін салдыра алады.

Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина (427)

Тақырып бойынша

Балаларға вакцина мектептерде салынады – Цой
Қытайда балаларға үш жастан бастап вакцина салынатын болды
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді – видео
АҚШ-та 5 жастан асқан балаларға коронавирусқа қарсы екпе салынады
Pfizer Алматыға жетті: қанша адам вакцина салдыра алады
Кілт сөздер:
жасөспірім, ата-ана, вакцина
Загрузка...

Басты тақырып