Денсаулық

Жаңа сығылған шырын несімен зиян

CC0 / Silvia / Овощные соки
Овощные соки - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2021
Жазылу
Қоғамда жаңа сығылған шырын өте пайдалы деп насихатталады. Диетолог шырынның барлық кезде пайдалы бола бермейтінін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 11 қараша — Sputnik. Біз қандай да бір жеміс немесе көкөністі сыққан кезде оның құрамындағы барлық пайдалы зат шырынға айнала қоймайды. Сондықтан жеміс немесе көкөністі бүтіндей жеген пайдалырақ, деді дәрігер, Диетология орталығының директоры Анна Мелехина.

Салауатты өмір салтын ұстанып, бүтін жеміс пен көкөністі тұтынбайтындар ас қорыту жұмысын жақсартатын көп пайдалы ас талшықтарынан да бас тартып отыр.

"Жеміс пен көкөністің құрамындағы ең пайдалы зат – ас талшықтары. Шырын дайындаған кезде біз ол талшықтарды көкөніс пен жеміс қалдығымен бірге тастай саламыз. Біз бар болғаны ішінде дәрумен, минерал және фруктоза бар тәтті су ішкен болып саналамыз. Егер қандай да бір пайдалы сұйықтық ішкіңіз келсе, онда шырыннан гөрі смузи дайындаған абзал", - деді Анна Мелехина Sputnik радиосына.

Дәрігер жаңа сығылған шырыннан бас тартқысы келмейтіндерге кеңес берді. Айтуынша, оның тек бір түрін ғана іше беруге болмайды.

"Бір ғана шырын түрін ішпеуді ұсынар едім. Мысалы, бүгін сәбіз шырынын ішсеңіз, үш күннен кейін апельсиннен шырын дайындаңыз, бес күннен соң қызанақты кәдеге жаратыңыз. Жалпы шырынға қатты көңіл бөлмеген дұрыс. Себебі бұл жеміс пен көкөніс секілді міндетті түрде тұтынуға жататын ас емес", - деді Мелехина.

Жаңалықтар
0