НҰР-СҰЛТАН, 12 қазан — Sputnik. Бір тәулікте коронавирустан 35 адам көз жұмды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі. Оның ішінде 9 адам пневмониядан, 29 адам коронавирустан қайтыс болған.
13 қазандағы мәлімет бойынша, 53 330 адам коронавирус инфекциясынан (46 385 коронавирустан және 6 945 пневмониядан) емделуде, олардың ішінде 9 285 пациент стационарда, 44 045 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Індетке шалдыққандардың арасында:
- 693 адамның жағдайы ауыр,
- 185 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 118 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.
Оқи отырыңыз:
Қазақстанда вакцина алғандар ғана жұмысқа жіберіледі
Бей-жай қарауға болмайды – әлсіз иммунитеттің алты белгісі
Дәрігер коронавирустан кейін тұмауға шалдығу ағзаға қалай әсер ететінін айтты