Денсаулық

Дәрігер COVID-тен кейін денсаулықты қалпына келтірудің тиімді әдісі туралы айтты

© REUTERS / NIAID-IRFВид на зараженную коронавирусом клетку под микроскопом
Вид на зараженную коронавирусом клетку под микроскопом - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2021
Жазылу
Ауру жеңіл немесе симптомсыз өтсе де, инфекцияның салдары болады. Себебі вирус барлық органға әсер етеді

НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек – Sputnik. Коронавирустың жеңіл түрімен ауырған адамдар да оңалту шарасынан өтуі керек. Бұл туралы Алматы қаласының №5 клиникалық ауруханасының инфекционист дәрігері Ольга Антипова айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Коронавирустың салдары әртүрлі болады. Сол себепті жазылып шыққан адамдарға терапевт дәрігерге барып, міндетті түрде кеңес алу қажет. Бүгінде жеңіл формамен ауырған пациенттерге де оңалту шарасын белгілейді. Бірақ оны үйде жасайды. Мысалы, дем алу гимнастикасы бар. Таза ауада жүріп, диета ұстау қажет. Ал коронавирустың орташа және ауыр формасынан кейін адамдар ауруханада оңалтудан өтеді. Біздің ауруханамызда оңалту бөлімі бар. Сол жерде физиотерапия да, гимнастика да жасалады ", - деді Антипова аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, оңалту шаралары кезінде электрофорезді де қолданады. Кеуде тұсының төменгі жағына қойып, қабынуға қарсы пайдаланады. Сондай-ақ, виброакустикалық массаж бар. Барлық процедура 5-7 күн жасалады. Кейін дәрігерлер коронавирустан кейін шипажайда ем-дом алуға кеңес береді.

"Мысалы, жеңіл немесе симптомсыз ауырып шыққан адамдардың 30 проценті тез шаршап қаламыз дейді. Түнде дұрыс ұйықтай алмады. Тершеңдік, әлсіздік жиі байқалады. Вирус ағзаның барлық органына әсер етеді. Ең алдымен, қан-тамыр жүйесіне, қанның қоюлануына әсері бар", - деп атап көрсетті инфекционист дәрігер.

Постковидтік синдром бір аптадан бастап жарты жылға дейін созылуы мүмкін. Балаларды да оңалту шараларына апару қажет болады.

"2020 жылдың қараша айынан бері біздің ауруханамызда 380 бала емделді. Олардың арасында ауыр жағдайға түскендер болған жоқ. Сол себепті оңалту шаралары педиатрдың бақылауымен үйде жасалды. Мамандар дем алу гимнастикасын қалай жасау керектігін түсіндірген, ата-аналарға арнайы ролик те таратылды", - дейді Антипова.

Осы орайда инфекционист коронавирустан емдеу кезінде қатты әсері бар препараттарды қолданып жататынын еске салды. Соның ішінде бүйрек, бауыр мен жүрекке салмақ салатын дәрілер бар. Ал оңалту шаралары кезінде денсалуықты қалпына келтіруге болады.

Жаңалықтар
0