Денсаулық

Қазақстанда 6 млн адам толығымен вакциналанды

© AFP 2024 / THEO ROUBYВолонтер готовит шприцы с вакциной от коронавируса
Волонтер готовит шприцы с вакциной от коронавируса  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.09.2021
Жазылу
Соңғы екі аптада Қазақстанда ауру жұқтырғандар өсімі 35%-ке төмендеді. Ал соңғы аптада аурушаңдық деңгейі 14%-ке азайған

НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның екі дозасын алған тұрғындар саны алты миллионға жетті. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазіргі таңда бірінші компонент 7,1 миллион адамға егілді, бұл вакциналауға жататын халықтың 71,5%-і. Екінші компонентті 5,9 миллионнан аса адам алды, бұл 60%-ке жуық", - деді министр үкімет отырысында.

Ол өңірлерде вакцина жеткілікті екенін атап өтті. Екпе кестеге сай жеткізіліп жатыр.

Осы орайда министр коронавирусқа қарсы жалғыз тиімді шара вакцинация екенін тағы бір мәрте айтты. Сол себепті әр қазақстандықты вакцина салдыруға және елде ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға үлес қосуға шақырды.

Айта кетері, соңғы екі аптада Қазақстанда ауру жұқтырғандар өсімі 35%-ке төмендеді. Ал соңғы аптада аурушаңдық деңгейі 14%-ке, аптасына 31 мыңнан 25 мың адамға дейін азайған.

Жаңалықтар
0