Денсаулық

Бір тәулікте 83 қазақстандық коронавирустан көз жұмды

© REUTERS / ADNAN ABIDIмедицина қызметкері
медицина қызметкері - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.09.2021
Жазылу
Ауруханада ем қабылдап жатқандардың ішінде 345 адамның жағдайы өте ауыр

НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 83 адам көз жұмды. Оның ішінде 10 адам пневмониядан, 73 адам коронавирустан қайтыс болды.

14 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 76 858 адам коронавирус инфекциясынан (68 526 коронавирустан және 8 332 пневмониядан) емделуде, олардың ішінде 15 308 пациент стационарда, 61 550 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Індетке шалдыққандардың арасында:

  • 1 196 адамның жағдайы ауыр,
  • 345 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 194 науқас өкпені жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.
Жаңалықтар
0