Денсаулық

Бір тәулікте 86 қазақстандық COVID-19 бен пневмониядан қайтыс болды

© REUTERS / ALFREDO ESTRELLAАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2021
Жазылу
9 қыркүйектегі мәлімет бойынша, республикада 84 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек – Sputnik. Өткен тәулікте коронавирус пен COVID-19 белгілері бар пневмониядан 86 қазақстандық көз жұмды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

ПТР-тесті оң нәтиже көрсеткен коронавирустан 72 науқас, ал пневмониядан 14 пациент қайтыс болды.

9 қыркүйектегі мәлімет бойынша, республикада 84 262 адам коронавирус инфекциясынан (–76 339 + және 7 923 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 17 749 пациент стационарда, 66 513 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Індетке шалдыққандар арасында:

  • 1 390 адамның жағдайы ауыр,
  • 346 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 197 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.
Жаңалықтар
0