Денсаулық

Нұр-Сұлтанда вакцина алғандардың қаншасы коронавирус жұқтырды

© AFP 2024 / LILLIAN SUWANRUMPHAМедик в защитном костюме набирает в шприц вакцину от коронавируса
Медик в защитном костюме набирает в шприц вакцину от коронавируса - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2021
Жазылу
Сараптама көрсетіп отырғандай, вакцина алғандар алмағандарға қарағанда коронавируспен 10 есе аз ауырады

НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек – Sputnik. "Олимп" клинико-диагностикалық зертханасы ПТР тесті оң нәтиже көрсеткен вакцина алған азаматтардың үлес салмағын зерделеді.

Клиника баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тамыз айында Нұр-Сұлтан қаласында 28 275 адам ПТР-тестін тапсырды. Олардың 19 130-ы вакцина алмағандар,  9 145-і вакциналаудан өткендер.

"Вакцина алмағандардың 19,8 проценті немесе 3 782 адамда ПТР-тест оң нәтиже көрсетті. Вакцина алғандардың 1,8%-інде немесе 167 адамда нәтиже оң болып шықты. Сонымен қатар вакциналанғандар арасында оның тек бір компонентін салғызғандар, шетелге шығу немесе жұмыс орнына көрсету мақсатында ғана тест тапсырып оң нәтиже алғандар, бірақ симптомсыз ауырғандар бар",- дейді "Олимп" клинико-диагностикалық зертханасының директоры Ерлан Сүлейменов.

Ол сараптама көрсетіп отырғандай, вакцина алғандар алмағандарға қарағанда коронавируспен 10 есе аз ауырады (1,8% - 19,8%) деп атап өтті.

"Вакцинаның шын мәнінде тиімді екенін осы сандардан байқауға болады", - дейді ол.

Екінші қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда вакцинаның бірінші компонентін 6 748 762 адам, екінші компонентін - 5 559 692 адам алған.

Оқи отырыңыз: Pfizer вакцинасы Қазақстанда уақытша тіркеуден өтті: екпе кімге арналған

 

Жаңалықтар
0