08:24 18 Қазан 2021
Тікелей эфир
  • USD425.78
  • EUR494.08
  • RUB5.98
Денсаулық
Қысқа сілтеме алу
2651 0 0

Коронавирусқа шалдыққан кейбір науқастарда МРТ кезінде миокардитке ұқсас өзгерістер байқалып жатады

НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз – Sputnik. Коронавирус жұқтырғандардың үштен бірі, тіпті жеңіл ауырып шыққандар да жүрек аурулары мәселесімен бетпе-бет келеді. Адам жазылып шыққан бірнеше аптадан кейін жүрек бұлшықеті – миокардит қабынып кетеді, деп хабарлайды РИА Новости.

Мәскеудегі №15 қалалық аурухананың бас дәрігері Валерий Вечерко әлеуметтік желіде 35 жастағы науқас туралы баяндап берді. Оның жағдайы ауыр болған. Ауруханаға түскенде дене қызуы 40 градустан түспеген, дем алуы да қиындап, тахикардия байқалған.

ПТР-тест кезінде коронавирус расталғанымен, пневмония болған жоқ. Алайда дәрігерлер жүректің жұмысы бұзылғанын анықтады.

"ЭХО кардиография кезінде жүрек камераларының кеңейіп кеткені анық көрінді. Жүректің сол жақ қарыншасының жиырылуы диффузды тұрғыда төмендеп кеткен, шығарылым фракциясы - 20%. Коронароангиография жасадық. Күретамырлардың тарылуы байқалған жоқ. Осылайша, зерттеудің қортындысын негізге ала отырып, "жіті миокардит" деген диагноз қойылды", — дейді Вечерко.

Оның айтуынша, пациент екі апта бойы стационарда болды. Одан кейін үш айдай амбулаториялық деңгейде қаралып жүрді. Қазір жазылып шықты. Өзін жақсы сезінеді.

"Коронавирус жұқтырғанда қатты асқынулар болады. Ол уақыт өте келе емделеді. Бірақ олай тәуекелге бармаған дұрыс. Сондықтан вакцинаны уақытында алу қажет. Сонда аурудың ауыр салдары болмайды", — деп атап өтті бас дәрігер.

Миокардит - жүрек бұлшықеттерінің қабынуы. Еуроодақ ғалымдарының бақылауынша бұл дерт 100 мың адамға шаққанда 22 адамда кездеседі. Коронавируспен ауырғандарда бұл үлес салмақтың қанша екенін айту қиын. Көрсеткіш жоғары болуы мүмкін деген болжам жасайды мамандар.

А.Н.Бакулов атындағы жүрек-қан тамырлары хирургиясы орталығының мәліметінше, пациенттердің 80 процентінде МРТ кезінде жүрек бұлшықеттерінің өзгерісі байқалған. 

Оқи отырыңыз: Мамандар коронавирустан жазылғаннан кейін пайда болатын симптомдарды атады

 

 

Тақырып бойынша

Кофені күніне неше рет ішуге болады – дәрігер кеңесі
Құлаққап денсаулыққа зиян келтірмеуі үшін қалай қолдану қажет – дәрігер кеңесі
Жүрек талмасының жасырын белгісі қандай – дәрігер жауабы
Әлемде алғаш рет адамға жасанды жүрек салынды
Кілт сөздер:
жүрек-қан тамырлары жүйесі аурулары, коронавирус, зерттеу
Загрузка...

Басты тақырып