НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Қазақстанда бір тәулік ішінде 123 адам коронавирус пен ковидтік пневмониядан көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, коронавирустан 98 адам (КВИ+) қайтыс болса, ковидтік пневмониядан 25 науқас (КВИ-) көз жұмды.
"16 тамыздағы мәлімет бойынша 119 547 адам коронавирус инфекциясынан (–114 790 КВИ+ және 4 757 КВИ-) емделіп жүр. Олардың ішінде 31 910 пациент стационарда, 87 637 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда", - делінген ресми хабарламада.
КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:
- 1 937 адамның жағдайы ауыр;
- 507 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 228 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.