Денсаулық

Диетолог тамақты тоя жей отырып арықтаудың әдісін айтты

© Shutterstock/FotodomДиета, архив сурет
Диета, архив сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.08.2021
Жазылу
Диетологтың айтуынша, арықтау деген аш құрсақ жүру емес. Тоя тамақ жеудің сыры астың мөлшерінде емес, құрамында

НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз — Sputnik. Үндістандық диетолог Нэнси Дехра тамақты тоя жеп, тек тұтынатын ас мөлшерін азайту арқылы арықтаудың әдісімен бөлісті, деп жазды Lenta.ru.

Оның айтуынша, тәрелкедегі тамақтың үштен екісі ақуызға бай тағам болуы керек. Себебі ақуыз тойымдылық сезімін ұзақ уақытқа сақтайды.

Сонымен қатар көкөніс пен салатты да міндетті түрде рационға енгізу қажет. Диетолог көкөніс өсімдік талшықтары мен түрлі қоректік заттарға бай болғандықтан, ағзаны тез қанықтыратынын атап өтті.

Тамақтануды ақуыз бен көкөністен бастап, содан кейін ғана тарелканың үштен бір бөлігін құрайтын құрамында көмірсу бар құнарлы тамаққа ден қою керек. Ақуыз, көкөніс пен салатты жегеннен кейін көмірсулы тағамды жеуге тәбет тартпайды.

"Бұл әдіс көп күш салуды қажет етпейді, ыңғайлы әрі алуан түрлі рационды ұстануға мүмкіндік береді", - дейді Дехра.

Біраз уақыт бұрын америкалық диетолог Рейчел Пол титықтататын физикалық жаттығусыз артық салмақтан арылудың әдісін айтқан болатын. Ол ақуыз бен майға бай тағамды таңдап, оны көкөністермен толықтыруға кеңес берді. Сонымен қатар сарапшы арықтау кезінде ұйқы мен психикалық жағдайға да мән беру керек екенін ескертті.

Оқи отырыңыз: Дәрігер COVID-тен жазылғаннан кейін қалай тамақтану керектігін айтты.

 

Жаңалықтар
0