Денсаулық

Өкпе "жыртылады": дәрігер COVID жұқтырған науқастардың қателігі туралы айтты

© AP Photo / Luca BrunoЖансақтау бөліміндегі науқас, архив сурет
Жансақтау бөліміндегі науқас, архив сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.08.2021
Жазылу
Біреулер үйде емделіп жатады, енді біреулер "жазылып кетемін" деп жүре береді. Соңында дем жетпей ауруханаға түседі, дейді дәрігер

НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз – Sputnik. Елорданың травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының жұқпалы аурулар госпиталіне науқастар күн сайын жеткізіледі. Жансақтау бөлімінде жатқандар да аз емес. Бөлім меңгерушісі Павел Останин коронавирус жұқтырған науқастардың басты қателігін атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Біреулер үйде емделіп жатады, енді біреулер "жазылып кетемін ғой" деп жүре береді. Ақырында сатурациясы 40 болып, ауруханаға ес-түссіз түседі. Ондай науқасты қалай емдейсің? Қолымыздан келгенше тырысамыз, соңына дейін күресеміз. Дәл қазір бұрыннан ауырып жүрген, бірақ жаңадан түскен пациенттер бар. Жансақтау бөлімінде орташа есеппен 21 күндей жатады. Ем оң нәтиже беретін мерзім шамамен 50 күн", — дейді дәрігер Останин.

Оның айтуынша, осы уақытқа дейін жұқпалы аурулар госпиталінен мыңнан астам науқас емделіп шыққан. Алайда медицина қызметкерлерінің жұмысы азаймай отыр. Себебі жазылып шығатындардың орнына ауыр жағдайда түсетіндер көп. Жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған адамдар таза ауамен қиналмай дем алуды армандайды.

"Басты проблема — жазда пациенттер көп. Адамдар бір-бірімен жақын араласады, әлеуметтік қашықтық сақталмайды. Жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылмағандар ешнәрсе әсер етпейтіндей жүреді. Сол сияқты вакцина адамды өлтіреді деп есептейтін антиваксерлер де қиналып жатыр. Ал аппаратқа таңылғандардың жағдайы бір. Антиваксерлер ауыр күйге түскеннен кейін ғана ақ пен қараның аражігін ажыратып жатады. Өкпе шыдай алмай, кәдімгідей "жыртылады", — дейді жансақтау бөлімінің басшысы.

Оқи отырыңыз: Елордалық дәрігер инфекциялық орталықта жатқан науқастар неге өкінетінін айтты

Дәрігердің сөзіне қарағанда, бұрын коронавирусқа шалдыққандардың өкпесі ғана зақымданса, қазір асқазан-ішек жолдары мен жүйке жүйесінің бұзылуы жиі байқалады. Бұның бәрі дельта-штамға тән көріністер.

"Қазір 256 пациент жансақтау бөлімінде жатыр, ал жасанды тыныс алдыру аппаратына 43 адам қосылған. Вакцина өзіңіздің ғана емес, жақындарыңыз бен айналадағы адамдардың денсаулығын қорғауға да мүмкіндік береді. Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру арқылы ғана қала карантинге дейінгі тіршілікке орала алады", - деді Останин.

Жаңалықтар
0