Денсаулық

Дәрігер коронавирустың жеңіл түрінің симптомдарын атады

© Engin Akyurt /РixabayБетперде таққан қыз
Бетперде таққан қыз - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.08.2021
Жазылу
Коронавирустың ауыр формасы кезінде адамның басы ауырады, өзін біртүрлі ұстайды, күрт әлсіреп, дене қызуы 39 градустан жоғары болады

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Вакцинадан кейін коронавирус жұқтыру қаупі едәуір азаяды, тіпті ауырып қалған күннің өзінде ауру жеңіл өтеді. Дәрігер-терапевт Георгий Сапего Sputnik радиосына берген сұхбатында COVID-19 жеңіл формасының симптомдарын атады.

Ол коронавирустың жеңіл түріне шалдыққанда, тұмауға ұқсас белгілер байқалатынын атап өтті.  

"Жөтел, мұрыннан су ағу, тамақтың ауыруы, дене қызуының 38 градусқа дейін көтерілуі, бұлшықеттің сырқырауы, әлсіздік. Физикалық қозғалыс кезінде аздап ентігіп қалуы мүмкін",– деді дәрігер.

Айтуынша, COVID-тың ауыр формасының симптомдары мүлде бөлек.

"Ол кезде адам қимылдаса да, демалып жатса да ентігеді, тыныс алуы қиындайды. Басы ауырады, өзін біртүрлі ұстайды, күрт әлсіреп, температура 39 градустан жоғары болады", – деп түсіндірді Георгий Сапего.

Тағы оқыңыз: Елордалық дәрігер инфекциялық орталықта жатқан науқастар неге өкінетінін айтты

Мұндай белгілер екпе алмаған, басқа да ілеспе аурулары бар адамдарда байқалады.

"Қарт адамдарда коронавирус ауыр өтеді. Қант диабеті, семіздік, иммунитетпен байланысты созылмалы аурулар да ауыр формаға әкеп соғады", - деп ескертті терапевт.

Ол вакцина COVID-19-дың ауыр формасымен ауыру қаупін бірден төмендететінін айтты. Тіпті екпенің бірінші дозасы бір-екі аптадан кейін инфекцияға қарсы иммунитет қалыптастырады.

Жаңалықтар
0