06:37 27 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD423.91
  • EUR497.37
  • RUB5.82
Денсаулық
Қысқа сілтеме алу
COVID-ке қарсы вакцина (371)
2483 0 0

Кейбіреулер температура неғұрлым көтерілсе, қалыптасып жатқан иммунитет соғұрлым жоғары болады деп есептейді

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз — Sputnik. Коронавирусқа қарсы вакциналаудан кейінгі температура вирусқа қарсы қалыптасатын иммунитеттің тиімділігін білдіреді деген пікір бар. Sputnik радиосына берген сұхбатында медицина ғылымдарының кандидаты, иммунолог Николай Крючков оның қаншалықты рас екені туралы айтты.

Вакциналаудан кейін дене қызуының көтерілуі – екпеден кейін болатын әсердің бірі. Алайда оны қалыптасатын иммунитеттің көрсеткіші ретінде емес, иммундық жүйенің жауабы ретінде қабылдаған дұрыс.

"Вакциналаудан кейін ерте білінетін әсерлермен қатар жағымсыз әсерлер де болады. Олардың қатарында екпе орнының ісінуі мен ауырсынуы, дене қызуының көтерілуі, әлсіздік бар. Жалпы айтқанда олар жедел респираторлық вирустық инфекцияның белгілеріне ұқсас. Мұның барлығы ағзаға тән емес иммунитеттің белсендірілуімен және иммундық жүйенің оған жауап беруімен байланысты жүретін процестің көріністері. Алайда бұл иммунитеттің қалыптасуына тікелей әсер етпейді", - деді ол.

Оның айтуынша, тіркеуден өткен кез келген вакцинадан кейін поствакциналық әсердің болу-болмауына қарамастан вирусқа қарсы иммунитет қалыптасады.

"Егер вакцинадан кейін ешбір әсер болмаса бұл адамда иммунитет қалыптаспады дегенді білдірмейді. Сол сияқты вакцинадан кейін үш күн 39 градус температурамен жатқандарда вирусқа қарсы иммунитет жоғары болады деп айту да дұрыс емес", - деп атап өтті ол.

Иммундық жауапқа өзара байланысы бар көптеген фактор әсер етеді. Олардың көрінісі де әр түрлі болады.

Иммунолог вакциналаудан кейінгі әсерлер одан бас тартуға себеп болмауы тиіс екенін атап өтті. Оның айтуынша, коронавирустық инфекция одан қауіптірек.  

Оқи отырыңыз: Балабақшаға баратын балалардың ата-анасы вакцина салдыруға міндетті ме

 

 

Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина (371)

Тақырып бойынша

Ыстықкөл мен Қапшағайға жолдама: вакцина алған студенттерге сыйлық беріліп жатыр
Полиция жалған вакцина паспортын сатып алған 200 адамды іздестіріп жатыр
Вакцина алған атыраулықтар 3 миллион теңгеден ұтып алды
Коронавирусқа қарсы екі түрлі вакцина салдыруға бола ма
Кілт сөздер:
вакцина, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып